Әскери қызметшілердің балаларына арналған Спартакиада

ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы - Спорт комитетінің Аламаты қаласындағы оқу-жаттығу орталық базасында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру беру мақсатында ондаған гарнизонның әскери қызметшілерінің балалары қатысқан  әскери-спорттық ойындардан ІІ Спартакиада ұйымдастырылып, өткізілді.

 Жарыс өткен екі күн аралығында жас спортшылар қазақ күресі, мини-футбол, үстел теннисі, таэквондо және эстафета сынды спорттың бес түрінен сынға түсті. Сондай-ақ шара аясында АОСК-ның атақты спортшыларының қатысумен балаларға мастер-сағаттар да ұйымдастырылды. Алматы, Аягөз, Гвардейский, Қапшағай, Приозер, Сарыөзек, Семей, Өскемен, Үшарал және Шымкент гарнизондарынан келген 100 әскери қызметшілердің балалары жеңіс үшін бағын сынады.

«Спартакиада жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие беру аясында өтіп жатыр, мұндай әскери-спорттық ойындардың балаларға берер тәрбиесі мол. Балалар еліміздің барлық өңірлерінен өздеріне дос табады, араласады. Айта кету керек, сайысты өткізудегі ең басты мақсатымыз - осы жарыстар спорт жағынан шыныққан, дайын балаларды тауып, болашақта ҚҚМ АОСК-ның кадр резервіне қосу. Міне, осы балалар болашақта еліміздің Қарулы Күштерінің қатарын толықтырып, республикалық және халықаралық маңыздағы әскери спорттық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады»,- деді ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов.

Сайыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Аягөз гарнизонының әскери қызметшілерінің балалары жеңіске жетті. Екінші орында Сарыөзек гарнизонының балалары, ал үшінші орын Гвардейский гарнизонының балаларына бұйырды. Жарыс жеңімпаздары салтанатты түрде кубок, медаль, сақтау мағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.




Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"