Әскери қызметшілердің балалары арасында әскери-спорттық ойындар өтеді

Алғаш рет Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің балалары арасында әскери спорттық-ойындар ұйымдастырылды. Аталмыш ойын Алматы шаһарында сәуірдің 16-ы мен 18-і аралығында өтеді.

Еліміздің әртүрлі өңірлерінен жиналған жас спортшылар спорттың төрт түрінен, яғни, шағын футбол, қазақша күрес, үстел теннисі және эстафетадан бақ сынасады. Бүгінгі таңда гарнизондарда спорт түрлері бойынша іріктеу чемпиондары өтті. Балалар білікті бапкерлердің жетекшілік етуімен оқу-жаттықтыру жиындарына кірісті.

 «Әскери қызметшілердің балаларына арналған спорттық секциялар үш ай бойы қызмет жасап келеді. Балаларға да өте ұнайды. Өздерінің титтей ғана жастарына қарамастан, алдағы сайыстарда барлық балалар жеңіске деген құлшыныстарын танытып, жақсы нәтижелер көрсетеді ден сенемін», - деді Спорт комитеті – ҚР ҚМ АОСК-ның төрағасы подполковник Расул Мейірманов. Турнир шеңберінде балаларға арнап ҚР ҚМ АОСК-ның танымал спортшылары, халықаралық және республикалық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерішебер-сыныптар өткізеді.

Ағымдағы жылғы қаңтардан бастап Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің балалары үшін ақысыз спорттық секциялар жұмыс жасап келе жатқанын естеріңізге сала кетейік. Онда 6 мен 16 жастағы балғындар қазақша күрес, үстел теннисі, армиялық қоян-қолтық ұрыс және спорттың көптеген өзге де түрлерімен кәсіби тұрғыда шұғылдана алады. Секция тәрбиеленушілері бүгінде сайыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізе отырып, жоғары әлеуеттерін паш етуде. Мәселен, Алматыда өткен балалар арасындағы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында АОСК-ның бапкері майор Мұрат Бижановтың тәрбиеленушісі Әмір Жұмаділхан алтын медальға ие болды. Ал балалар арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатында жас былғары қолғап шеберлері Самат Молдабаев пен Елдар Төрехан қола медальдарды еншіледі.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"