Әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету мәселелері

Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровтың жетекшілік етуімен әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігін сапалы түсіндіру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізілді.

Кеңеске Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштері заң қызметтерінің бастықтары тартылды.
«Қазіргі уақытта әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа тетікті жылдам іске асыру тапсырмасы тұр. Бұл жұмысқа заң қызметтерінің өкілдері белсене атсалысуы тиіс. Жаңа модельді енгізудің бастапқы кезеңдерінде заң тұрғысында білікті көмек көрсету маңызды», - деді генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров.
Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігін түсіндіру мәселелері бойынша арнайы комиссия құрылғанын естеріңізге сала кетейік. Комиссия «Тұрғын үй қарым-қатынастары мәселелері бойынша қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа қабылданған Заңы шеңберінде әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігін дұрыс түсінулері бойынша барлық санаттағы әскери қызметшілер арасында жаппай ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"