Әскери қызметшілер шаңғы жарысын Қарулы Күштердің 25-жылдығына арнады

«Астана» өңірлік қолбасшылығында Қазақстан Қарулы Күштерінің 25-жылдығына арнап жаппай шаңғы тебу өтті. Шаңғы тебуге Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысты, олардың отбасы мүшелері де спорттық іс-шараға ынталана атсалысты.

Шаңғымен жүгіруге барлығы 500-ден астам адам қатысты. Олар 5000 метрлік трассаны шаңғымен жүріп өтті. Жарысты Қарағанды гарнизонының бастығы полковник Қарақұлов Қайдар бастады. Ол спорт пен армияның әрқашанда ажыратылмас болғандығын және әскери қызметшілердің физикалық қалпы мен даярлығын жоғары деңгейде сақтап, әрдайым спортпен шұғылданатындығын атап өтті.

Қатысушылар мен қонақтар үшін жылытатын шатырлар орнатылып, ыстық тамақ пен шай ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды 22750 әскери бөлімі алды, екінші орынға 31775 әскери бөлімі ие болса, 55524 әскери бөлімі үшінші орынды алды. Жаппай шаңғы тебуден жарыс жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен мақтау қағаздары ұсыңылды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"