Әскери қызметшілер елордадағы жаңа үйге көшті


Қазақстан Қарулы Күштердің қатарында бұрын қызмет еткен әскери қызметшілерге елордада пәтерлердің кілті берілді. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан әскерінде жүргізіліп жатқан ауыстыру бағдарламасы аясында 12 әскери қызметшінің отбасылары жеке тұғын үйге қол жеткізді.

Әскери қызметшілердің барлығы ҚР Қарулы Күштерінде 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет еткен. Осыған дейін олар отбасыларымен бірге Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қызметтік пәтерлерде тұрған. Бүгінгі күнде қызметін аяқтаған әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселелерін шешу үшін баспанамен алмасу бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында жекешелендірілмейтін қызметтік пәтерді қаладағы пәтерге жекешелендіріп, оны қалдық бағамен жекеменшік етуге болады. ҚР Қорғаныс министрлігі ресми сайтының «тұрғын үймен қамтамасыз ету» бөлімінде алмасуға қолжетімді пәтерлер тізімі, сондай-ақ қажетті құжаттардың тізімі мен іс-әрекет алгоритмі көрсетілген. Алмасуға ұсынылған пәтерлердің құрылыс жылдары мен ауданы бойынша бөлінген, бұдан қалдық бағасы өзгереді. Көп жағдайларда қалдық бағасы нарықтағы бағадан екі немесе бірнеше есе төмен болады.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола және Қостанай облыстарында пәтер ауыстыруға қол жетімді.  Аталмыш бағдарламаны 100-ден астам отбасы қолданған. Бұл ретте 664 бұрынғы әскери қызметші жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұрып жатыр, сондай-ақ ауыстыруға құқығы бар. 2020 жылы ақысыз жекешелендіру құқығы орнына ақшалай өтемақы төлемін бастау жоспарлануда екендігін айта кеткен жөн. Оны жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын, әскерде 20 және одан да көп жыл қызмет еткен, 2018 жылға дейін қызметін аяқтаған бұрынғы әскери қызметшілер алады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"