Әскери қызметшілер экскурсияға шықты

Елордамыздың шетінде Арнасай ауылында орналасқан Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бөлімшесінің әскери қызметшілері Астана қаласының көрікті жерлерін, соның ішінде Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына көруге экскурсияға шықты.

44813 әскери бөлімінің командирі подполковник Қ.Бауржанов әскери қызметшілердің демалыс уақытын өткізуіне көңіл бөліп тұратын командирлердің бірі. Сол себепті, өздерін жақсы жағынын көрсеткен сарбаздарды марапаттау ретінде экскурсияға шығарды. Осы бөлімшенің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі командирдің орынбасары аға лейтенант М.Қалиуллин өзінің бөлімшесін бастап шықты. Уақытында осы патриоттық орталықты ашар алдында аға лейтенант Мирас Қалиуллин мұражай ішіндегі көрмені безендіруге ат салысқан офицерлердің бірі. Өзінің туған жеріне қайтар алдында сарбаздардың Астана қаласын, әскери патриоттық музейді аралап көрген әсерлері зор. Бірінші кезекте мұражай ішінде фотокөрме, тарихи-мәдени мұражай-қорығы мен картиналар көрмесі көрсетілді. Сонымен қатар, бірнеше залдардан тұратын орталықтың ішін аралап шықты. Әскери қызметшілер әскери-тарихи мұражайдың ішінде естелікке суретке түсіп, алған әсерлерімен бөлісті.

Майор Н.Сыздыков

44813 әскери бөлімі 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"