Әскери қызметшілер арасында «Достастық жауынгері» халықаралық байқауын іріктеу кезеңі жалғасуда

Астана өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу орталығында «Достастық жауынгері» халықаралық байқауына қатысатын үміткерлерді дайындау жалғасуда.

Үміткерлерді дайындау байқау бағдарламасына енетін жаттығуларға сәйкес қатаң жүргізілуде. Оның ішінде, атыс дайындығы (жатып, тізерлеп және түрегеп тұрып түрлі жағдайда атыс жасау), дене дайындығы (1,2 және 2 км. жүгіру, 100 метрге жүгіру, белтемірге тартылу, етпеттей жатып, қолды бүгіп жазу, граната лақтыру, кедергі жолағын жүгіріп өту), әскери-қолданбалы спорт түрлері дайындығы (кіші сапер күрегін лақтыру, автоматты толық емес шашып жинау, жалпыәскери қорғану жиынтығын кию, «Профессионал» кедергі жолағын жүгіріп өту, шығармашылық қабілетін көрсету (ән айтып, би билеу), эрудит дайындығы (Ұлы Отан соғысы тарихы мен халықаралық гуманитарлық құқық бойынша тестілеу) бар.

Әрбір жаттығу бойынша күн сайын арнайы оқытылған нұсқаушылар дербес жаттығулар өткізуде. Олар әрбір элементті бүге-шігесіне дейін пысықтау, қателіктерді анықтап, жою, нәтижелерді арттыруды қамтиды. Ату дайындығы барысында оқтың нысанаға дөп тиюін арттыру үшін қашықтықты 25 метрден 100 метрге дейін біртіндеп ұлғайту әдістемесі қолданылды. Ал, дене дайындығы барысында төзімділікті арттыру үшін орта және алыс қашықтыққа жүгіру, жылдамдықты арттыру үшін старт алу техникасы пысықталуда. Іріктеу мен дайындыққа арналған іс-шаралар бірнеше кезеңге жоспарланғанын еске саламыз.

Бірінші кезең өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері деңгейінде өтсе, екінші кезең Қарулы Күштер деңгейінде өткізілді. Үшінші кезең іріктелген үміткелерді одан әрі дайындау болып табылады. Қол жеткізген нәтижелерге сәйкес, қазіргі уақытта 6 әскери қызметші, оның ішінде 2 әйел әскери қызметші дайындықтан өтуде.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"