Әскери қызметші тұрғын үй заемын алды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «әскери өнім» аясында алғашқы займды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің 3-ші сынып сержанты Қайрат Таныспаевқа берді.

Әскери қызметші Семейдің орталығынан үш бөлмелі пәтерді 8,5 млн теңгеге сатып алды. Тұрғын үй займын ай сайын 79 416 теңгеден 14 жыл бойы қайтарады. Ол қаражат ай сайынғы жалақыдан емес, тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметші ретінде мемлекеттен алатын тұрғын үй төлемдерінің есебінен төленеді. «2018 жылдың басынан әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдерін пайдалану механизмі өзгерді. Бұрын осы ақша үй жалдауға ғана жұмсалатын. Енді тиесілі төлемдерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің шотында жинап, жеңілдетілген займдарды төлеу үшін, екінші деңгейдегі өзге банктердегі ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға, тіпті үлесті құрылысқа қатысу үшін де пайдалануға болады. «Мен бастапқы жарнаны ТҮҚЖБ-та жинақтауға шешім қабылдап, қайталама нарықтан өзім таңдаған ауданда, үйдің жанында екі балам үшін мектеп пен балабақшасы бар пәтер сатып алдым. Әскери қызметшілер үшін әзірленген арнайы бағдарламаның арқасында жарты жылдың ішінде өз баспанамның мәселесін шешіп алдым»,- дейді 3-ші сынып сержанты Қайрат Таныспаев.

   Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шотта жинақталған қаражаты мен таңдаған тұрғын үйіне байланысты әскери қызметшілерге займның үш түрін ұсынып отыр. Жеңілдетілген несиелендіру бойынша әскери қызметшілерді қолдау үшін банк өз есебінен 74 млрд теңге бөлді. Бұл қаржы үміткерлер арасында ашық, әрі әділ бөліну үшін банк балдық жүйесін іске қосып, әскерилердің қызмет ету мерзіміне басымдық береді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың сөзіне жүгінсек, бір айдың ішінде барлығы 13 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қабылданған құжаттардағы ақпараттың анық-қанығын әскери бөлім командирлері тексерді. Бүгінгі күні шамамен 4 мыңға жуық адам іріктелінді. Тағы 1 мыңнан астам үміткердің құжаты тексерілу үстінде. Олар – Ұлттық гвардия, ҰҚК, Әскери прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігінің қызметшілері.   

 

                                                                                 Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"