Әскери қызметші болғысы келеді

30212 әскери бөлімі 1-оқу танк ротасында жас сарбаздардың салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өткен болатын. Бұл іс-шараға аймақтық қолбасшылық өкілдері, ардагерлер мен әр өңірден шақырылған сарбаздардың ата-аналары қатысқан еді. «Сарбаз» газетінің редакциясына сол сарбаздардың ата-аналарының бірі, яғни Алмас Шалтықовтың анасы Гүлжауар Шалтықова келіп, салтанатты шара жайында ақпарат берген болатын.

Отанға адал болуға ант бергендердің бірі - Алмас Шалтықов. 20 жастағы сарбаз Солтүстік Қазақстан облысы, Кішкенекөл ауылының тумасы. Ол әскери борышын өтеп жүргенін мақтан тұтады екен.

«Ант қабылдау – әрбір әскери қызметші үшін қасиетті рәсім. Жас сарбаздар елінің, туған-туыстарының, бүкіл азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға серт беріп, жауапкершілікті сезінеді. Осылайша, біз ортамызға адалдығымызбен, батылдығымызбен үлгі боламыз», – дейді ол.

Ал, Алмастың анасы «Әскери борышты өтеу азаматтардың ар-намысының көрсеткіші. Бұл кезде жас жауынгерлер адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, жеке тұлға болып қалыптасады. Ұлым ағасы Ерлан сияқты әскери қызметтің қыр-сырына қанығып, ер азамат ретінде қалыптаспақ. Алдағы уақытта келісімшарт бойынша қызмет етемін деген ойы да бар», – дейді. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"