«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

2017 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Президенті «Қорғаныс пен әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңда Еңбек кодексіне Қазақстан Республикасының 19 заңынан өзгертулер енгізілуде.

Аталған Заң әскери қызметке және арнайы мемлекеттік органдар қызметіне кіру, өткеру және босатылу кезінде, оның ішінде, ҚР мен шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарында оқыта отырып,  көзқарасты біріздендіру, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің құрамына аумақтық қорғаныс құралымдарын енгізе отырып,  еліміздің қорғанысының ортақ жүйесіне аумақтық қорғанысты кіріктіру жөнінде тұжырымдамалық міндеттерді шешуге бағытталған.

Жаңа Заңда Қарулы Күштердің, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мұқтаждығы үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау тәртібі жетілдірілген, сондай-ақ қорғаныс, көлік, саудалық теңізде жүзу, әуе кеңістігін, жол қозғалысын пайдалану аясында  заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып, Үкіметтің уәкілеттіліктері,  Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың функциялары нақтыланған.

Сондай-ақ қабылданған Заңда әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру ұзақтығы мен жағдайына қарай жыл сайынғы негізгі еңбек демалысының мерзімі ұлғайтылды. Бұл әскери қызметшілердің ғана емес, сонымен бірге, олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік хал-жағдайына оң әсер етеді.  «Подполковник» шеніндегі әскери қызметшілерге әскери қызметте болудың шекті мерзімі қырық сегіз жасқа дейін ұзартылды. Бұл жекелеген әскери қызметшілерге әскери қызметте болудың шекті жасына дейін қызмет етуге мүмкіндік береді. Заңда қабылданған тың өзгерістер Қарулы Күштерді жасақтау, әскери қызмет өткеру үшін қажетті жағдай жасап, оның жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін арттыру бойынша талаптарды ескере отырып, әскердің әрі қарай дамуына жаңа серпін береді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"