Әскери қызмет-патриотизм мектебі

Семей өңірлік гарнизонының әскери полициясы жасағы басшылығының ұйымдастыруымен Семей қаласының орталықтандырылған кітапханасында «Әскери қызмет – патриотизм мектебі» тақырыбында шара өтті.

   Еліміздің Қарулы Күштерінің имиджін барынша ақпараттандыру, әскери мамандықты жан-жақты танымал ету және жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуді мақсат тұтқан шараға Семей қаласының радиотехника және байланыс колледжінің студенттері қатысты. Кездесуде Семей өңірлік гарнизоны әскери полициясы жасағы бастығының орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) – тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Дарқан Шаянбаев шынайы патриотизмнің қазынасына айналған тарихи тұлғалар туралы әңгімеледі. Отансүйгіштік, елжандылық, патриотизм жайында жан-жақты мағлұмат берді. Қарулы Күштер түрлері мен еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындары, мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарға қойылатын талаптар, сондай-ақ, ҚР ҚК мекемелері мен әскери бөлімдерінде құқық бұзушылық пен әскери қылмыстың алдын-алу, анықтау және жолын кесу мақсатында құрылған әскери полиция жасағы жөнінде де мол ақпаратты алға тартты. Жастар іс-шараға қызығушылықпен қатысып, өз сауалдарына жауап алды.

Алуа ИСКАКОВА



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"