Әскери қызметішінің қайсарлық әрекеті

Әскери полиция жасағының офицері тергеу органдарына қылмыскерді ұстап беруге көмектесті. Яғни, Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының әскери қызметшісі аға лейтенант Ербол Пернебаевтің шебер әрі қайсарлы іс-әрекетінің арқасында қылмыскер құрықталды.

Қызметтен үйге қарай келе жатқанда аға лейтенант Е.Б.Пернебаев дене жарақатымен тыныс алмай жерде жатқан ер адамды көріп қалады. Жағдайды әп-сәтте бағалап, әскери қызметші жедел жәрдем шақырып, болған оқиға туралы полицияға хабарлайды. Одан кейін кәсіби машықтарға сәйкес жанында болған куәгерлерді сұрастыра бастайды. Олар оқиға орнынан тез арада ізін суытқан қызыл футболкадағы жігітке меңзейді. Еш ойланбастан әскери полиция офицері полиция нарядына оның кескінін мобильді телефон арқылы хабарлай отырып, күдіктіні қудалауға кіріседі. Нәтижесінде оның кескініне сәйкес ізін суытпай полиция қызметкерлері қылмыскерді қолға ұстады. Танытқан қырағылығы, қайсарлығы мен кәсіпқойлығы үшін аға лейтенант Ербол Пернебаевті Алматы қаласы Жетісу ІІБ бастығы алғыс хатпен марапаттады. Аға лейтенант Е.Б. Пернебаев күнделікті қызметте де мінсіз қызметтің үлгісі болып табылады. Өткен жылы Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Жол патрулі» байқауында офицер «Үздік реттеуші» жеке номинациясында жеңімпаз болып танылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"