Әскери прокуратурадағы әйелдер ерлермен иық теңестіре қызмет етеді

Бүгінгі күні нәзік жанды аруларымыз қоғамымыздағы барлық жауапты қызметтерді ер-азаматтармен бір деңгейде атқарып жүргеніне куәміз. Әр салада өзінің ісін дөңгелетіп жүрген әйелдер әскери прокуратурада да кездеседі.

Әңгіменің басын әскери прокуратура саласының ардагері – әскери прокуратура органдарындағы полковник атағында зейнетке шыққан жалғыз әйел адам Жәния Әлімовадан бастағанды жөн көріп отырмыз. Ол кісі – әр жылдары транспорттағы қылмыстық істерді тергеумен айналысып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін жауапты қызметтер атқарып, Бас әскери прокурордың аға көмекшісі лауазымынан зейнетке шыққан жан. «I дәрежелі Прокуратура озаты» прокуратура үздігі белгісіне ие Жәния Қайролқызы қашан да Бас әскери прокуратурада бірге қызметтес болған азаматтар туралы айтып отырады. «Сол кездері бірге жұмыс істеген әріптестерім әлі күнге дейін мерекелермен құттықтап тұрады. Алматы гарнизонының әскери прокуратурасында өтетін әрбір шараға адагерлер Джуракул Ходжаев, Бақыт Жұмахановтармен бірге қатысып отармыз. Зейнеттегі осы азаматтармен тығыз араласып, бір-біріміздің қуаныштарымызды бірге бөлісіп тұрамыз, дейді ол.

Қазіргі күні заң ғылымдарының кандидаты Жәния Әлімова ұстаздық қызметпен қоса ғылыми жұмыстармен айналысуда.

Бұдан соң, ауызға ілігері  – әділет подполковнигі Алма Сүлейменова. 2011 жылы ІІ дәрежелі «Қайсар» төс белгісімен марапатталған Алма Оралбайқызын әріптестері өз ісінің шебері деп біледі. Кейіпкеріміз әскери прокуратура органдарының құжат айналымы саласында өз ісін толық меңгеріп, қарамағындағы қызметкерлерін егжей-тегжейіне дейін үйретті. Талапшылдығы, жұмысына деген адалдығы мен тиянақтылығының арқасында әскери прокуратура органдарында үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Бүгінгі күні әскери зейнеткер Сүлейменова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Call-орталығының меңгерушісі қызметін атқаруда.

Өз кезегінде Құқықтық статистика саласында бас маман, тергеу заңдылығын қадағалау, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің және мемлекеттің мүддесін сотта өкілдік ету заңдылығын қадағалау салаларында әскери прокурор, аға әскери прокурор болып қызмет атқарған әділет майоры Гүлнәр Шымкентбекқызы Бүркітованы, Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарына 23 жыл ғұмырын арнаған Виталина Севидованы да  әріптестері құрмет тұтады. Бас әскери прокуратураның кадр жұмысының басқармасында өзінің бірбеткейлігі, кәсіби біліктілігі мен тәжірибелігі нәтижесінде маңызды жетістіктерге қол жеткізген Виталина Петровна Бас Прокурордың және Бас әскери прокурордың тарапынан марапатталған.

Сот саласын бүге-шігесіне дейін білетін Сәуле Айтжанова да – өзінің жұмысына жауапты қарайтын жан. Сонау 1993 жылы Ақмола облысы сол кездегі Ақмола қаласы прокуратурасы тергеушісінің көмекшісі ретінде «ә» деп қадам жасаған ол, әкімшілік және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бойынша Бас әскери прокурордың аға көмекшісі қызметінен ардақты демалысқа шықты. Әділет майоры Сауле Шаманқызы сот шешімдерінің заңдылығын қадағалайтын маман ретінде өзін жоғары деңгейде көрсете білді.

 Бас әскери прокурор Аппаратының аға әскери прокуроры Жангүл Жаубасова жоғарыда аталған ардагерлермен бірге істеп, сол кісілерден тәжірибе алған ол: «Менің кәсіби өсіп өнуіме үлкен үлес қосқан Жәния Қайролқызына, Алма Оралбайқызына, Гүлнар Шымкентбекқызына, Сәуле Шаманқызына, Виталина Петровнаға айтар алғысым шексіз. Олардың жоғары кәсіби біліктілігі, жауаптылығы мен тиянақтылықтары қазіргі кезде әскери прокуратура органдарында қызмет атқарып жатқан жас мамандарға үлгі болады», дейді.

Осындай ерлік пен батылдықтың үлгісін және жұмысқа деген адалдық пен қайраттылықтарын көрсетіп, ер азаматтардан қалыспай әскери қызметті атқарып жүрген әйел қызметшілерді біз мақтан тұтамыз әрі үлгі етеміз.

 

 

Меруерт КӘРІМОВА,

Бас әскери прокуратурасының

Басқарма әскери прокуроры 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"