Әскери полиция жасағына - 19 жыл

ҚР ҚК мекемелері мен әскери бөлімдерінде құқық бұзушылық пен әскери қылмыстың алдын-алу, анықтау және жолын кесу мақсатында құрылған әскери полиция жасағына 19 жыл толды. Осы мерекеге орай Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағында салтанатты жиын өтті.

ҚР Президентінің «Құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау шаралары туралы» 1997 жылдың 22 сәуіріндегі 3465-ші Жарлығына сәйкес, Қорғаныс және Ішкі Істер министрліктерінде әскери полицияның жеке құрылымдары құрылды. Президент Жарлығының негізінде «ҚР ҚК әскери полициясы жөніндегі ережені жүзеге асыру туралы» Қорғаныс министрлігі бұйрық шығарып, ҚР ҚК әскери полициясы қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары, мәртебесі мен мақсаты айқындалды. Бұдан соң «ҚР Қарулы күштері және қорғанысы жөніндегі» ҚР Заңының 10-шы бабына толықтыру енгізілді. Онда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің, Ішкі Істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің құрамына қарайтын әскери полиция әскери құрылымдардағы құқық тәртібін қамтамасыз ететіндігі және әскери полицияның құқығы мен функциясы ҚР Заңдарымен қорғалатындығы айтылды. Ал, «Әскери полиция органдары туралы» Заң 2005 жылдың 21 ақпанында қабылданды. Әскери полицияның түп негізін үш құрылым құрайды. Біріншісі Қорғаныс министрлігінің мекемелеріндегі және әскери бөлімдердегі әскери  қызметкерлер жасауы мүмкін қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтайды. Екіншісі гарнизондарда, әскери құрылымдар мен әскерилердің отбасы орналасқан жерде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Үшінші құрылым - әскери автомобиль техникасын заңды пайдалануға беру мен әрі сапалы ұйымдастырылуын қадағалайтын әскери автомобиль полициясы.

   Салтанатты жиында Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының құрылу тарихы туралы баяндама оқылды. «Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы ҚР ҚМ Директивасының негізінде және ҚР Президентінің «Құқық қорғау органдарының жүйесін  одан әрі реформалау шаралары туралы» 1997 жылдың 22 сәуіріндегі 3465-ші Жарлығына сәйкес, 1997 жылы 9 қыркүйекте құрылды. Бұл күні жасақтың ең алғашқы жетекшісі, запастағы полковник Шәкен Нығметұлы Нығметов туралы айтпай кету мүмкін емес», деді Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының бастығы полковник Бекжан Жақыпов.

   Республикалық және гарнизондық деңгейдегі шараларды ұйымдастыруға қатысу, дала жаттығулары өткізілетін аймақта коменданттық қызметті қамтамасыз ету, ұзақ жолға әскери техниканы жеткізуге көмектесу, қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен әскериді іздеу және тағы да басқа маңызды жұмыстарға тартылмаған әскери полиция қызметкері кемде-кем шығар. Әскери полиция қызметкері әскердегі тәртіп пен талаптың, тәлім мен тәрбиенің үлгісі бола білуі керек. Әскери полиция қызметкері мен әскери тәртіпті бұзушы – бір-бірімен мүлдем үйлеспейтін ұғым. Назар аударатын жәйт – әскери полиция ешқандай да жазалаушы орган емес. Құрылғанына 19 жыл болған әскери полицияның басты мақсаты - әскерилердің құқығы мен заңдылық мүддесін қорғау. ҚР ҚК әскери полициясының жеке құрамы өз күші мен мүмкіндіктеріне қарай және заңдарға сүйене отырып, еліміздің одан әрі өсуі мен өркендеуіне бағытталған нормативті актілерді, өзге жетекші құжаттарды, Конституцияның барлық аспектілерін жүзеге асыра бермекші. Мерекелік шараның соңында әскери полицияның қызметкерлері құттықтауларды қабыл алып, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының гарнизондық офицерлер үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.                                                                                       


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"