Әскери полицейлер «Айыппұлсыз жыл» акциясын жариялады

Қарулы Қүштердің Бас Әскери полициясының игі бастамасын Атыраудың әскерилері сәтті орындап, өңірдегі әскери құқықбұзушылық деңгейі біршама төмендеді.

    «Айыппұлсыз жыл» акциясы бойынша Атырау гарнизоны әскери полициясы бөлімшесінің жеке құрамының жұмылдыруымен профилактикалық іс-шаралар атқарылып, әскерилер құқықбұзушылықтар жасаған жағдайда олардың жанұяларына тікелей әсерін тигізетіні түсіндірілді.

Ал жеке көлігі бар әскери қызметшілер арасында жол-көлік тәртібін бұзу және жолда басқа көліктермен соқтығысып қалу сияқты да жағдайлар кездесіп қалып жатады. Айыппұл төлеу, біреудің көлігін және өз көлігін жөңдеу, ол айналып келгенде отбасылық бюджетке тіреледі. Одан басқа жол-көлік оқиғалары кезінде жарақат алып, ауруханаға түсіп жатқан жағдайлар да жеткілікті.

Осы бағыттар бойынша Атырау қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция өкілі подполковник Мейрамбек Нұрышевтің қатысуымен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 51051, 51809Е, 41433 және 41321 әскери бөлімдерінің, Атырау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлеріне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық және ҚР жол жүру ережелерінің негізгі талаптарын жеткізу бойынша кездесулер өткізілуде.

Атырауда өткен конференцияны әскери полиция бөлімшесінің офицері әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов ашып, жиын барысында «Айыппұлсыз жыл» акциясының негізгі мақсаты әскерилердің отбасындағы артық қаражаты қажеті жоқ айыппұлды төлеуге жұмсалмауы керек деді. Ол үшін әскери қызметшілер өздерінің құқықтық тәрбиесі мен тәртібін түзеп, құқықбұзушылықтың кез-келген деңгейіне жол бермеуі тиіс.

Акция барысында дөңгелек үстелдер, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын-алу қажеттілігі, құқықбұзушылық орын алған жағдайда қызметкердің жеке басы мен отбасылық қаржылық жағдайына едәуір әсер ететіндігі түсіндірілді. Одан басқа жол-көлік оқиғалары кезінде жарақат алып, ауруханаға түсіп жатқан жағдайлар да жеткілікті. Осындай түрлі жағдайларды болдырмаудың амалы – ол тәртіп бұзбау. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды!» деген сөзін ұран етіп ұстанған әскери полиция өкілдері өз жұмыстарын сәтті атқарып келеді.

Капитан Рүстем Игісінов

 

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"