Әскери патриоттық жиын


ӘҚК әскери институтының «Хлебодаровка» атты авициалық жаттығу қалашығында Астана қаласының 20 жылдығына арналған облыстық «Жігер-2018» әскери патриоттық жиыны өтті.

Институт бастығы полковник Әлім Ыбыраев жастарды құттықтап, Қазақстан Республикасының болашақ қорғаушыларына алдағы Қазақстанның болашағы үшін аянбай тер төгіп, алға қойған тапсырмаларды толығымен орындауға сәттілік тіледі. Жиынға Ақтөбе облыстық білім басқармасы, облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық Ауған соғысының ардагерлер ұжымы атсалысты. Жалпы шараға 17-23 жас аралығында әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, облыстық жоғары оқу орындары мен кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының студенттері, барлығы 100 - ден аса жас қатысты. Екі күнге созылған жиында қатысушылар шатырлы қалашықта тұрып, «алау жанындағы кеш» сауықтыру іс-шаралары, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша оқу жаттығу және интелектуалдық тренинг сабақтарына қатысып, әскери базада ұшқыш курсанттардың көрсетілімдерін тамашалады. Аталмыш сайыстың женімпаздары институт бастығының қолынан естелік сыйлықтар алып, алғыс хаттармен марапатталды.

  Подполковник А.Базарқұлов                        


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"