Әскери парад: Ел айбынын айғақтайды

7 мамыр күні Астанада  елімізде бұрын-соңды болмаған әскери шеру өтеді. Егеменді Қазақстанның тарихында айрықша датаға, яғни, Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына тұспа-тұс келген алдағы әскери парадтың өзіндік ерекшеліктері бар. Тартылған жеке құрам мен әскери техниканың саны бойынша бұл шеру бұдан бұрын өткізілген парадтардан өзгеше. Елордадағы Тәуелсіздік алаңында шамамен 30 жаяу әскер парадтық есептоп құрамында 5 000-нан аса әскери қызметші салтанатты маршпен адымдап өтуі жоспарлануда.

 

Тарқатып айтар болсақ, көзтартарлық шеруге 300-ге тарта бірлік әскери техника тартылатын болады. Қазақстандық авиацияның көк аспандағы қуаты мен жауынгерлік әзірлігін еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің шамамен 80 бірлік авиациялық техникасы паш етеді. Бұл ретте қазақстандықтар алғаш рет өз көздерімен 2016 және 2017 жылдары әскеріміздің арсеналын толықтырған су жаңа әскери техниканы, заманауи қару-жарақ үлгілерін тамашалап, өз бағаларын бере алады.  Парадтың тағы бір ерекшелігі Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлерін, Қорғаныс министрлігінің иелігіне берілгеннен кейін алғаш рет барабаншылардың (дауылпазшылардың) құрама ротасында өнер көрсететін «Жас ұлан» төрт әскери мектептің тәрбиеленушілері, аумақтық қорғаныс бригадасының ротасы, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен Әскери-техникалық мектептің әскери автомобильді техникасында алаңда жүріп өтетін Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектептерінің шәкірттерін қатыстыруға тарту болып табылады.  Аталмыш іс-шараның негізгі түйіні әлі құпия ретінде сақталуда.

Әскери парад – бұл мерекелік және көзтартарлық іс-шара ғана емес, ол төл әскеріміздің жауынгерлік қуатын, Қарулы Күштердің техникалық тұрғыда жабдықталуын, еліміз бен халқымыздың егемендігі мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін көрсету.

Бүгінде gарадтың соңғы дайындығын пысықтаған әскерилер 7 мамырда өтетін іс-шараға сақадай-сай. Оған дайындықты тамашалауға келген көпшілік куә.

Бұдан бұрын Қазақстанда өткізіліп жүрген әскери парадтардың әрқайсысы өзінше айрықша және есте қаларлық болып келеді. Төменде солардың кейбіріне тоқталып отырмыз.

Еліміздегі тұңғыш үлкен әскери шеру Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы құрметіне – 1992 жылғы 7 мамырда Алматы қаласында Республика алаңында өтті. Оған ҚР ҚК әскер түрлері, қорғаныс министрлігінің, Әскери-әуе күштерінің, Шекарашылар әскерінің, Ішкі әскерлердің, әскери оқу орындарының, Алматы гарнизонының, әскери комиссариаттардың жинақталған полктары қатысты. Алғашқы әскери шеруді Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, Кеңес одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов қабылдады.

2011 жылғы әскери шеру Ата Заңымыз – Конституция күні құрметіне орай өткізілгенін бірі білсе, бірі білмес. Осы орайда Конституция күніне және ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған еліміздің бас қаласындағы «Қазақ елі» монументі алдында ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен әскери шеруді айрықша атап өтуге болады.

2011 жылы өткен осы әскери шеруде (сол кездегі Қорғаныс министрі Әділбек Жақсы­беков әскерлердің шеруге әзірлігі ту­ра­лы генерал-лейтенант Мұрат Май­кеев­тің рапортын қабылдады) Қа­зақ­стан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Қарулы Күштер әскер­лерінің барлық түрлері мен тектерінің жауынгерлері сап түзеп, қарсы алды. «Қазақ елі» алаңынан естілген айбынды дауыс тікелей эфирмен берілген трансляция арқылы бүкіл елге тараған-ды. Осы­дан кейін Елбасы Н.Назарбаев сап түзе­ген әскерлерді аралап, алғаш рет парад­ты өзі қабылдады. Одан әрі Мемлекет басшысы орнына келіп, әскерилер мен барша Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады.

Елбасының сөзінен кейін әскери шеруде жаяу және әскери техникамен жылжыған Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің, Ішкі әскерлер мен Шекара қызметінің, республикалық Ұлан мен Төтенше жағдайлар министр­лі­гі­нің ең үздік әскери қызметшілері салтанатпен сап түзеп өтті.

Бұл парадтың ерекшелігі – тамыз айының 25-інен бастап ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қару­лы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбас­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлы­ғы­мен Қарулы Күштерімізде жаңа, жетілдірілген мерекелік және күнделікті киіп жүретін әскери киім үлгіcінің енгізілгендігі. Сонда әскери қызметкерлеріміз шеруде жаңа әскери киім үлгісін тұң­ғыш рет киіп шықты.

Екіншісі,  қазақстандықтардың бұ­ған дейін бұрын-соңды көрмеген жа­сақ­тар мен жаңа әскери техниканы елі­міздің бас алаңынан алғаш рет та­ма­ша­лауы болды.

Үшіншісі, бұл әскери шеруге тұңғыш рет мергендер жасағы, құрлық әскерлерінің таулы-атқыштар бригада­сы­ның әскери қызметшілері және   әйел әскери қызметшілердің екі жаса­ғы алғаш рет жүріп өтті.

 

Ал, 2013 жылдың еншісіне бұйырған парад өзгеше атауға ие болды. Ел тарихында Отардағы  40-әскери база полигонында Отан қорғаушылар күніне арналған жауынгерлік парадтың орны ерекше.

Үйреншікті әскери парадта әскери қызметшілердің саптық дайындығы және техника мен қару-жарақтың кейбір үлгілері сандық жағынан таныстырылса, жауынгерлік  парадта офицерлер мен сарбаздардың кәсіби дағдысы, бөлімшелердің іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ, Қазақстан армиясының қарамағындағы қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндігі көрсетілді. 

Оған 7 мыңға жуық жауынгер мен 500-ден аса әскери техника жұмылдырылды. Ал оны тамашалауға алыс-жақын аймақтан мыңдаған көрермен мен мәртебелі меймандар жиналды.

Бұл әскери шарада «Миг-29» және «Миг-27» әскери ұшақтарының ұшқыштары жиналған жұртшылыққа әуедегі «қойын қолтық» ұрыстың қайталанбас қимыл-әрекетін көрсеткен болатын. Әскери базада өткен шеру кезінде қазақстандық әскери ұшқыштар С-295 әскери ұшағын тұңғыш рет топырақты ұшу-қону алаңына қондырды.

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери парадына 86 әскери ұшақ пен тікұшақ қатыстырылды. Парадқа жеті мыңнан астам сарбаз, 400-дей броньды және автомобиль техникасы тартылды.

2014 жылы 7 мамырда Астана қаласында «Қазақ елі» монументі алаңында тағы бір әскери парад өтті.

Парадқа Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағ­дайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік ко­митеті Шекара қызметінің және Респуб­ликалық  ұланның парадтық есептоптары, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери техникалары мен авиациясы тартылады.

Парадтың салтанатты маршының жаяу легіне 2 мыңға жуық әскери қызметші, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамынан 1500 адам қатысқан болатын.

Механикаландырылған колоннадағы әскери техника саны – 250 бірлік, жеке құрамы (механик-жүргізушілер, экипаждар, десанттар) –  566 адамды құрады. Сондай-ақ, 70-тен астам авиациялық техника  тартылды.

Өткізіген парадтардың ішінде ең ірісі 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған 2015 жылғы парад болды.
Бұл әскери шеру мазмұн­дық идеясына қарай тарихи және заманауи  бағыттағы екі бөлімнен тұрды.  Тарқатып айтсақ, тарихи бөлімде 1941-1945 жыл­дар­дағы соғыс техникасының 36 түрі қаты­сты. Оның ішінде 27 әскери техника мен қару-жарақ, Т-34 танкі, ЗиЛ-157, ЗИС-2 зеңбірегі және  М-30 гауби­цасы, танымал БМ-13 РС-30 «Катюша» және «Максим» пулеметі бар.  Сондай-ақ, АН-2 және ТL-2000 сынды 9 ұшу аппа­раты Астананың аспанында қалық­тады. Ал, заманауи бөлімде бүгінгі қазақ­стандық армия қару-жарағын құрайтын қарулар мен әскери техниканың үлгілері көрсетілді. Әскери қызметшілер ең соңғы үлгідегі әскери киімдерді киді.

Шеруге 186 қыз-келіншек қатысты. Олардың ішінде 32 әскери қызметші санитарлық нұсқаушы үлгісінде киініп, шерудің ҰОС кезеңіндегі тарихи бөліміндегі рота құрамында болса, ал қалған 154 әскери қызметші шерудің қазіргі заманғы бөлімінде алаңда қазақстандық әскери жоғары оқу орындарының курсант­тарынан кейін жеке жаяу саппен адым­дады. Әлі есімізде, шерудің сәнін келтіретін ән-жыр жағы да ұмыт болған жоқ. Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған әскерлер парадын музыкалық сүйемелдеуді Қорға­ныс министрлігі құрама оркестрінің 250-ден астам әскери музыканты қамтамасыз еткен болатын.

Әуе қорғанысы күштерінен 1000-ға жуық адам, С-300, С-200 зениттік-зымыран кешендері келді.  Елордадағы Қазақ елі  алаңының үстінен Су-27, Су-25, МиГ-31, МиГ-29 жауын­герлік ұшақтары, Ми-17, Ми-171, Ми-26, Еurocopter тікұшақтары, Ту-134, Ту-154, АН-26, АН-72, С-295 әскери ұшақтары ұшып өткен болатын. Сонымен бірге,  әуеге  тұңғыш рет Су-30СМ жаңа жауынгерлік ұшақтары көтерілді.

Парадтың ең қызған шағында әскери-көліктік және армия авиациясының Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан-26, Ан-72, Ту-134, Ту-154, С-295 ұшақтары, сондай-ақ Ми-8, Ми-17, Ми-171, Ми-26, К-32 және ЕС-145 (Еурокоптер) тікұшақтары көк жүзінде қалықтады. Ерекше атап өтерлігі, парадқа ҚР Қарулы күштерінің тарихында алғаш рет қазақстандық Әскери-әуе күштерінің сапын толықтырған 4++ буынына жататын жаңа жоғары маневрлі Су-30МС жойғыш ұшағы қатысып, елдің есінде сақталып қалды.

Қорыта айтқанда, қазір жоғары кәсі­би, ұтқыр, заманауи қару-жарақ­пен және техникамен жарақтан­ды­рылған әскері бар мемлекетпіз. Жиырма бес жылда әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға артып келе жатқаны сөзсіз. Осы 25 жылдыққа арналған әскери парад бұрынғыларға қарағанда айрықша және өзгеше өтетіні хақ. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"