Әскери оқытылған резервті даярлау қалай жүзеге асады?

Өтеулі негізде әскери-техникалық мектепке әскери оқытылған резервті даярлау бойынша оқу реті Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 12 бабының негізінде жүргізіледі.

Атап айтқанда, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқыту үшін денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма екі жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар тартылады.

Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқыту үшін азаматтарды іріктеу мен жіберуді жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.

Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарының базасында әскери оқытылған резервті даярлауға мемлекеттік тапсырысты жергілікті әскери басқару органдарына Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымдарының басшылығы ұсынған өтінімдер негізінде Қорғаныс министрлігінің жұмылдыру органы жеткізеді.

Әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша азаматты оқытудың басталуы Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымы басшысының оны қабылдау туралы бұйрығы шыққан күн болып саналады.

Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында азаматтарды оқыту мерзімі әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша алатын мамандығына байланысты белгіленеді.

Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы жөніндегі мамандандырылған ұйымы басшысының даярлауды аяқтау туралы бұйрығы шыққан күн оқытудың аяқталуы болып саналады.

Әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқытудың аяқталғаны туралы сертификат нысанын және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді.

Оқыту аяқталғаннан кейін азаматтарға әскери билеттер беру жергілікті әскери басқару органдары белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады. Әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқытудың аяқталғаны туралы сертификат әскери билетті беру үшін негіздеме болып табылады.

Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында сабақтар өткізілетін уақытта көрсетілген ұйымдарда оқытудан өтіп жатқан қызметкерлерге жұмыс берушілер оқу демалыстарын беруге міндетті.

Азаматтардың әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқу кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы кезеңде олар заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілердің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан шығарылмайды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"