Әскери өмірмен танысты

Әскери өмірмен танысты

10 қыркүйек күні 75263 әскери бөлімінде сарбаздардың ата-аналарына «Ашық есік күні» өткізілді. Онда  инженерлік саперлар полкінің есігі ашылып, 2017 жылдың көктемінде әскери қатарына шақырылған сарбаздардың осы уақытта үйренген тәжирбиесін тамашалады.

Ата-аналар сарбаздардың саптық дайындығынан соң, көркемөнерпаздар концертің тамашалады. Кенеттен «жылдам әрекет ету» тобына дабыл берілді. Сол кезде қатқыл дауыстан ата-аналар секем алғаны анық. Ізін ала жылдам әрекет ету тобы жаудың шабылуына тойтарыс берді.

Аталмыш шара барысында 1 инженерлі саперлік батальон командирі майор Қанат Танірбергенов ата-аналарға сарбаздардың тұратын үй-жайын көрсетті.

«Сапарлар достығы-2017» оқу жаттығуында үздік деп табылған инженерлік саперлік рота командирі майор Талгат Жақыбаев соңғы шыққан миналарды іздеу бойынша құрылғылармен таныстырды.

Әскери бөліммен танысқан ата-аналар бөлім басшыларына өз ризашылығын білдірді.

Майор Ж.Әділбаев

   75263 әскри бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП