Әскери мамандыққа баулу

Әскери мамандыққа баулу

       ҚР Қарулы Күштерінің  инженерлік әскерлер мерекесіне орай мектептің тәрбиеленушілерін мамандық таңдауға бағыттау мақсатында ҚР Қарулы Күштері бас басқармасының өкілі  подполковник Нұрбек Шомбаев мектебімізге келіп, ұландармен сұхбат жүргізді.

Сұхбат кезінде алғаш өзінің әкелген бейнебаянын көрсетті. Сол бейнебаянда инженерлік әскердің барлық тұрмыс-тіршілігін, түрлерін және миналау, минасыздандыру, барлау шараларының қалай өтетіндігі айқын көрсетілді. Содан соң өзі де біраз ауызша инженерлік әскер жайында біршама құнды ақпараттармен бөлісті. Ұландар бұл сұхбаттан кейін көптеген ақпаратқа ие болды, қазіргі заманғы инженерлік әскер жайында ғана емес, сондай-ақ осы мамандықтың тарихы жайлы да білді. Мысал ретінде Ирак және Чернобыль оқиғасындағы инженерлік әскердің рөлі, оны құтқарудағы ықпалы жайлы айтты. Бұл әңгімелесу ұландардың ақпараттық қорын кеңейтіп қана қоймай, мамандық таңдаудағы бағытына да әсер етті. Подполковник Нұрбек Аралханұлының ұландармен жүргізген әңгімелесуінен оның тек әскери қызметші ретінде емес, білікті де маман екендігін аңғаруға болады. Сұхбат соңында ұландар өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Уақыт та өз мәресіне жетіп, мектеп тәрбиеленушілері подполковник Шомбаев Нұрбек Аралханұлымен естелікке суретке түсті.

Жасұлан Нұрболатұлы

                                                                                                  1 оқу рота ұланы

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи