Әскери мамандық алған мерзімді әскери қызметтегілер әскерлерге жіберілді

«Астана» өңірлік қолбасшылығында алғаш рет «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында оқытылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер әскерлерге жөнелтілді. 2016 жылдың күзінде Қарулы Күштер қатарына алынған жастар броньдалған техниканың минометтік есептоптары және механик-жүргізуші әскери мамандықтарын үш ай бойы үйренді.

Мерзімді әскери қызметшілердің кіші минометші мамандықтарын даярлау бойынша оқу-жаттығу орталығы оларға әскери істің қыр-сырын үйретіп қана қоймай, әскери қызметтің олар үшін таңсық жағдайларына бейімделуге көмектесті.

 Ендігі жерде олардың әрқайсысы Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріндегі мерзімді қызметін лайықты атқаруы тиіс. «Спасск» оқу-жаттығу орталығындағы оқудан соң мерзімді әскери қызметтегі үлгілі әскери қызметшілермен бірге ағайынды-егіздер Рақымбай мен Зарқымбай Қалиасқаровтар да әскерге жіберілмек.

Олар Шығыс-Қазақстан облысы Күршім ауданында әскер қатарына алынған. Командирлердің айтуынша олар белсенді, тәртіпті жауынгерлер, болашақта келісімшарт негізінде Қарулы Күштерде қызметін жалғастыру ниеттері де бар көрінеді. Қысқа мерзім ішінде ағайындылар көп мақсатты жеңіл броньдалған сүйретпенің механик-жүргізуші кәсібін сәтті меңгеріп, тиісті сертификаттарын алды. Ағайындылардың жақын туыстық деңгейі ескеріліп, Рақымбай мен Зарқымбай Қалиасқаровтар бір әскери бөлімде қызмет ететін болды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"