Әскери міндеттілердің жиыны

Ағымдағы жылдың шілде айының аяғында басталып, аптап ыстыққа тура келген әскери міндеттілердің жиыны Қапшағай қаласындағы 65476 әскери бөлімінде өтуде.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Іле аудандық Қорғаныс істері бөлімдерінен келген қырыққа таяу әскери міндеттілер бұрынғы әскер қатарындағы міндеттерін еске түсірумен қатар, айбынды Армиямыздың қазіргі жағдайына сәл таңырқағандары білініп тұр. Қатаң тәртіп, ерте тұрып дене шынықтырумен айналысу, уақтылы тамақтану, уақтылы ұйқыға жату – біршама уақыт азаматтық өмірде, әскери міндеттілердің босаңсып қалған мінез-құлықтарын қайта ширауға міндеттеді. Келе салып әскери өмірді қайта бастаған олар өздері әскери қызметте болған кезден қарағанда, оң өзгерістер көп екенін аңғарып, айырмашылықтар туралы бізбен де бөлісіп жатты. Әскери міндеттілердің жиыны екі кезеңнен тұрғандықтан, бірінші кезеңде теориялық сабақтарға аса назар аударылуы заңды. Ал екінші кезеңде практикалық сабақтар басталады және арнайы техникалармен жұмыс істеген кімді болса да қызықтырары сөзсіз. Әзірше басты мақсат – теорияны жақсылап меңгеру. Оның арасында әскери адамды жүрісінен-ақ алыстан танытатын саптық жарғы теориясы мен практикасы – басты сабақтардың бірі. Сонымен қатар, жауынгерлік даярлық сабақтары кестесі бойынша ату-жаттығулар да бар. Арнайы дайындықтан соң, әскери міндеттілер атыс алаңында атыс жаттығуларын орындауы тиіс. Бұл жаттығуда да кім жақсы дайындалған, кім сұр мерген деген өзара сынақ болды. Ату жаттығуын бес деген бағаға тапсырып, 100 балл алу мүмкіндігінің біреуін мүлт жібермеген Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық Қорғаныс істері бөлімінен шақырылған әскери міндетті қатардағы Қайрат Мамутов «Ату жаттығуларын орындауда көрсеткен үздік нәтижесі үшін» марапаттау қағазымен марапатталды. Ендігі мақсат – РХБ қорғау маманы ретінде арнайы дайындық сабақтарындағы білімді жетілдіру. Әскери міндеттілер арасында РХБ қорғау ісін осындай қызық және қиын деп ойламағаны туралы ашық айтқандар да бар. Бірақ қай мамандық болмасын жалпы ел біле бермейтін, тек сол мамандықтың мамандардарына ғана аян тұстары бар екені белгілі. Сондықтан да шығар, арнайы даярлық сабақтарында әскери міндеттілердің РХБ қорғау сабағындағы ынталары мен зейіндеріне адам баласы сүйсінгендей. Еліміздің болашағы – білімде, сол білімді дұрыс қабылдай білген жастарда екені белгілі. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы әскерлер бас басқармасының бастығы қойған мақсаттарда әскери міндеттілердің дайындығы жоғары, білімі терең болсын деген талаптар алдыңғы қатарда тұр. Әскери міндеттілер жиынының деңгейі жоғары, сапасы талапқа сай болуы жиын басшылығының сабақ беру деңгейіне тікелей байланысты.      

            Осы сәтті пайдаланып жиынды ұйымдастыруға және оны өткізуге тартылған 65476 әскери бөлімінің жеке құрамына, сонымен қатар әскери міндеттілерге жауынгерлік даярлығын шыңдау істеріне сәттілік тілейміз.

 

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"