Әскери комиссариат қызметкерлерінің күнін атап өтті

   Қай әскери қызметкер болсын, оның армияға деген қадамы бұрынғы кездегі әскери комиссариаттан, яғни қазіргі таңдағы қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік мекемеден бастау алатындығын барлығымыз білеміз.    
Дәл осы аталған шаңырақтан жас жеткіншектер  әскери есепке тұрады, осы жерден жедел қызмет етуге немесе әскери оқуға түсуге аттанады, осы жерде запасқа шыққан әскери қызметші ретінде тіркеуге турады.

Әскери комиссариат қызметкерлерінің құрылу тарихы сонау тереңнен, атап айтқанда 1918 жылы әскери комиссариат құру туралы декреттің қабылданған күніне орай белгілегені баршамызға белгілі. Сол жылы                8 сәуірде Халықық Косиссариат Кеңесі әскери істер бойынша комиссарларды құру туралы декрет қабылдады.Содан бері бір жыл ғана толмаған бір ғасырда осы аталған мемлекеттік мекемеде қаншама қыруар іс-шаралар атқарылып, аға буыннан жалғасын тапқан жақсы дәстүрлерді жаңғыртып келе жатқандарын тек қана жетістіктерге жатқызуға болады.

 

  Мерекелі күнге байланысты Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Әскери комиссариат қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлерін құрметтеу мақсатында (мемлекеттік тілді кеңейтіп қолданумен)  ұйымдастырылған салтанатты жиналыс өтті.

Айтулы іс-шара қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері генерал-майор Қ.Т. Мыңжанов, полковниктер: О.Т.Жандосов., К.Дангулов., Е.Қ.Массалимов., В.П.Дон., Б.А.Мұхамеджанов, К.А.Шеваров  мырзалар алдын-ала  құттықталып, арнайы шақырылған болатын.

    Мәжіліс залында өткен басқосудағы департамент басшылығының құттықтауынан кейін, баспасөз қызметінің бастығы аға лейтенант М.Мұқан жергілікті әскери басқару органдарының құрылу  тарихы туралы қысқаша баяндама жасады.

       Содан кейінгі кезекте ардақты ардагер полковник Константин Шеварев сөз алып, биік мінбеден ізбасарларын құттықтап, алдағы еңбектеріне сіттіліктер тіледі.

       Жиын соңында құрметті қонаққа  «Алғыс хат» табысалып, сый-сияпат көрсетілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"