ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Әскери институттағы жаңа басылым

Әскери институттағы жаңа басылым

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай жақында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында «Зымыран» атты газет жарыққа шығып, өз оқырмандарына жол тартты. Бұл қуанышты жайтты институт тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі деп білеміз. Институт бастығы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлының жаңашылдыққа толы идеясының негізінде жарыққа шығып отырған газеттің оқырмандарға берер тағылымы мол.

Оқу орнының бастығы А.Мұстабеков газеттің сапалы деңгейде шығуына әрдайым қолдау білдіріп, қамқорлық көрсетіп, шығармашылық топқа ақыл-кеңесі мен бағыт-бағдарын беріп отырады. Сонымен қатар институт бастығының тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Д.Арипов мырза да аталмыш газеттің ең негізгі тәрбие және идеология құралдарының бірі екендігін әрдайым тілге тиек етіп, газет жұмысының жандануына үлкен үлесін қосуда.

 «Зымыран» газеті  – «Мәңгілік ел» идеясының аясында қуатты, мызғымас мемлекетшілдік қасиетті қалыптастыру бағдарында қызмет ететін басылым. Институттың тыныс-тіршілігінен хабар беріп, оқырман қауымды отансүйгіштікке, елжандылыққа, ұлттық рух пен жауапкершілікке шақырып, өскелең ұрпақты «Мәңгілік елдің» қайсар да рухы биік азаматы болуға тәрбиелейтін «Зымыран» газетінің алдына қойған мақсаты айқын, міндеттері анық.

Газеттің шығармашылық ұжымы да аталмыш салада тәжірибелері бар білім-біліктері мол азаматтар мен азаматшалар. Жас болса да бас болып, газетті шығару жұмысына ерекше ықыласпен, махаббатпен қызмет етіп жүрген ҚР ҚК қызметшісі, Әділет капитаны Бегулиев Дінмұхаммет Кеңесбекұлының жауапты редактор әрі дизайнер ретіндегі еңбегін айрықша атап өтуге болады. Жауапты редактор Д.Бегулиев әке жолын қуып, өз уақытында журналистика саласында табысты қызмет етіп, артына өнегелі із қалдырған Республикаға белгілі журналист, «Саудакент» газетінің редакторы болған, бүгінде құрметті зейнеткер әкесі Кеңесбек Бегулиев ақсақалдың ізін жалғап, әскери сала мен журналистік қызметті қатар алып келе жатқан талантты жас маман.

Сонымен қатар «Зымыран» газетінің шығармашылық ұжымын құрайтын ҚР ҚК қызметшілері капитан Жанар Сыдықова, подполковник Дәурен Тілешбаев, Сәуле Шаяхметқызы сынды қызметкерлердің атқарып жатқан еңбектеріне ерекше тоқталып өткен лазым.

Газетте әртүрлі үнжариялармен институттың тыныс-тіршілігі, түрлі жаңалықтар, оқу үдерісі мен ғылым, тәрбие мәселелеріне қатысты ақпарат беретін мәліметтер жарияланып тұрады. Танымдық, ғылыми, әдістемелік мақалалармен қатар әртүрлі хабарландырулар, мерекелер мен мерейтойларға, қуанышты  сәттерге арналған құттықтау айдары да бар.

Жоғарыда айтып өткеніміздей мерзімді басылымның өскелең ұрпақты патриоттық бағытта тәрбиелеуде бірден-бір негізгі құрал. Сонымен қатар бұл институтішілік газеттің қалың оқырман қауымға да тигізер септігі мол деп білеміз. Өйткені, әскери сала – заманауи уақыттың ең негізгі тетіктеріне айналып отыр. Жаңа басылым өз оқырмандарын отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа шақырып, әскери қызметшілер мен болашақ офицерлердің патриоттық қасиеттерін шыңдауға үлесін қосатын руханият құндылығы деп санаймыз.

Елдік мүдде мен ұлттық рухты көтеруді мақсат еткен басылымға жарияланған әрбір материалдар өз оқырманына терең ой тастайды деген сенімдеміз. Газеттің алдағы күндерде алған бағытынан айнымай, өз оқырмандарының ыстық ықыласына бөлене беруіне тілектестігімізді білдіріп, шығармашылық ұжымның жұмысына ақ жол тілейміз!

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының үні мен тынысына айналған «Зымыран» атты газеттің болашағы жарқын, ғұмыры ұзақ болсын демекпіз!

 

Дәурен Мұхамадиев

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах