Әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті

«Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата – 1991 жылдың 16 желтоқсанынан күн сайын, сағат сайын алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдіретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол – егемен мемлекет бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы. Ол – туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау таңдауы. Ол – өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды қолымызбен жасау таңдауы. Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады»
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев (Тәуелсіздік толғауынан)

1991 жылы айымыз оңынан туып, ата-бабамыз арман еткен тәуелсіздіктің таңы арайлап атты. Болашаққа нық қадам басар сәт туды. Еліміз егемен ел атанды. Тәуелсіздік жолында елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен ауқымды жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылды. Бұл игі іс мемлекетіміздің өркендеуіне, дамуына негіз болды.

Жылдар жылжып, сағаттар сырғып биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын тойлағалы отырмыз. Еліміз жас мемлекет болғандығына қарамастан қарқынды даму үстінде. Әр салада жеткен жетістіктеріміз де аз емес.

Бүгінгі күні тәуелсіздіміздің 25 жылдық мерейтойы арналып, еліміздің әр қаласында, мекемелері мен оқу орындарында түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Сондай іс-шаралардың бірі әсем қаламыз Алматымыздың ортасында орналасқан Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында аталып өтті. Айтулы күннің әскери сала мамандары үшін маңызы зор. Тәуелсіздіктің тарихын білу және ел тыныштығын қорғау ең бірінші әскери сала мамандарының борышы болғандықтан олар әрдайым жауапкершілікті сезініп, тәуелсіздіктің туын биік ұстауға әрдайым дайын. Институт ұжымының ұйымдастыруымен, Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік толғауы» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Аталмыш кеш барысында «Желтоқсан» оқиғасынан үзінді көріністер қойылып, өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Бұл мерекенің кусанттар үшін тәрбиелік маңызы ерекше. Олар болашақ ел қорғаушы азаматтар. Сондықтан әркез бес қаруы сай болуы тиіс.

Әскери институт басшылығы мен ұжымы барша қазақ елін Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен құттықтайды.

Берекесі жарасқан еліміздің бүгіні мен ертеңі тыныш болсын!

 

 

Сәуле Шаяхметқызы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"