Әскери инженерлер мина алаңдарын тазалаудан жарысты

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 02352 әскери бөлімінің инженерлік қалашығында Армия халықаралық ойындары – 2016 шеңберінде инженерлік бөлімшелер арасында «Инженерлік формула» және «Қауіпсіз бағдар» байқауларының іріктеу кезеңдері өтті.

Осы жылы ҚР ҚК инженерлік әскерлерінің әскери қызметшілері  Армия халықаралық ойындарының екі байқауына алғаш рет қатысқалы тұр. «Қауіпсіз бағдар» байқауы – бұл техникада қозғалысты қамтамасыз ету жасағының құрамында инженерлік-саперлік бөлімшелердің сайысы.  Саперлер байқау шеңберінде өткелді, миналық алаңды минасыздандыруды жүзеге асырады, әскерлерге арнап жол төсейді. Инженер әскери қызметшілер танкіге қарсы ор арқылы көпір салады. Жарысқа шұңқырды көміп тастайтын жол төсегіш, орман үйіндісін тырмалайтын инженерлік қоршау машинасы тартылатын болады. Байқау эстафетамен аяқталады.  Қазақстандық инженер әскери қызметшілер аттанатын екінші байқау «Инженерлік формула» деп аталады. Бұл додада инженерлік техника экипаждары бәсекеге түседі. Оған қазаншұңқыр машинасының, жол төсегіштің, инженерлік қоршау машинасының, сондай-ақ жүзбелі транспортердың экипаждары тартылады. Техника экипаждарына бағдар бойынша жүріп өтіп, барлық кедергілерді еңсерге тура келеді. Бүгінгі күні Құрлық әскерлерінің инженерлік бөлімшелері өңірлік қолбасшылықтар деңгейінде іріктеу кезеңдерінен өтті. Сонымен, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында 54770 және 02352 әскери бөлімдері үздік көрсеткіштер көрсетті. Сәуірдің соңына дейін Құрлық әскерлерінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын Ресей Федерациясында өтетін халықаралық кезеңге аттанатын үздік экипаждар мен командалар анықталады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"