Әскери химиктер «Қауіпсіз орта – 2016» байқауының іріктеу кезеңіне дайындалуда

35804 әскери бөлімінің базасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығындағы радиациялық, химиялық және биологиялық барлаудың үздік экипаждарын іріктеу бойынша «Қауіпсіз орта – 2016» байқауына іріктеу айналымы өткізілуде.

Бұл күндері Қапшағай қаласындағы 65476 әскери бөлімінің базасында ҚР ҚК Құрлық әскерлері құрамында үздік экипаждарды іріктеуде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан атынан шығатын үздік экипаждар іріктелініп алынады.  Байқауға өңірлік қолбасшылық бөлімдерінің ауқымында сайыстың өткізілуі барысында іріктелінген үздік экипаждар тартылады. Яғни, 35804 әскери бөлімінен 4 есептоп және 10810 мен 27943 әскери бөлімдерінен бір-бір есептоптан қатыстырылады. Байқаудың алғашқы күні қатысушылар медициналық тексеруден өтіп, бағдарды еңсеру сызбаснұсқасы мен іс-қимыл тәртібін алды, сондай-ақ АРД жолағында жаттығулар орындады. Әскери қызметшілер байқаудың үш кезеңінен, яғни, жеке жарыс, эстафета және атыс даярлығынан өтеді. «РХБҚ әскерлері әскери қызметшілерінің алдында жергілікті жерде уландырғыш заттарды, азық-түлікті, техниканы айқындау бойынша біршама тапсырма тұр. Ол үшін бізде арнайы техника, машиналардағы аспаптар бар. Біз ауаның радиобелсенді жұқтырылуын, биологиялық тұрғыда ауада, жер қыртысында, тіпті жәндіктерде анықтай аламыз.  Байқау алдында біраз толқып тұрмыз. Алайда, алғаш рет қатысып тұрсақ та, жеңісті қолдан бермейміз», - деп 35804 әскери бөлімінің бөлімше командирі сержант Ринат Седых радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлеріндегі қызметтің ерекшеліктері туралы айтып берді. 35804 әскери бөлімінен байқауға іріктелініп алынған экипаждарды дайындаған және қатыстырған батальон сержанты 2-сыныпты сержант Ерболат Бүргенов. Қазақстан Қарулы Күштері РХБҚ әскерлерінің әскери қызметшілері Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Қауіпсіз орта» байқауына тұңғыш рет қатысқалы отырғанын айта кетейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"