Әскери-ғылыми конференцияда лаңкестік мәселелері талқыланды

Бүгін Ұлттық қорғаныс университетінде халықаралық әскери-ғылыми конференция өтті. Аталмыш конференция барысында Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымы қатысушы елдерінің өкілдері Ұжымдық жедел ден қою күштерінің құрамын күшейтуге уағдаласты.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Бас штабтарынан Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымы Ұжымдық жедел ден қою құрамына материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері мен бөлімшелерін енгізу туралы ұсыныстар келіп түсуде. ҰЖДК-ның құрамында  Ұжымдық жедел ден қою қолбасшысының жедел немесе тікелей бағынысында болатындай жауынгерлік қамтамасыз ету, басқару, байланыс және психологиялық күрес бөлімшелері жоқтың қасы. Сондай-ақ жедел-тактикалық және армиялық авиация, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және артиллерия бөлімшелерінің саны жеткіліксіз», - деді Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымы Біріккен штабының өкілі генерал-майор Шерікбай Сұлтанов.  Одан басқа, халықаралық лаңкестік пен экстремизмнің күшейіп, үдей түсуі ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің ерекше алаңдаушылығын туғызуда. «ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің шекараларына «тұрақсыздық иінінің»  етене жақын болуы Орта-Азиялық өңірдің елдеріне құрылымды бұзатын күштердің шоғырлану қауіп-қатерін туғызады. Осыған байланысты, ҰҚШҰ-ның негізгі назары «Ислам мемлекеті» деп аталатын аумаққа топтамалардың енуімен ушығып,  үдеп бара жатқан Ауғанстандағы шиеленіске бұғауланған. Орташа мерзімді болашақта Ауғанстандағы лаңкестік белсенділігінің күшеюі Орта-Азия мен ҰҚШҰ-ның ұжымдық қауіпсіздік өңірлерінде тұрақсыздықтың басты көзіне айналуы ықтимал», - деді ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов. ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел ден қою күштерін дамытудағы басымдық міндеттер әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру, басқару жүйесін жетілдіру, бірлескен операцияларды дайындау және оны жүргізу кезінде өзара іс-қимылды жан-жақты қамтамасыз ету және ұйымдастыру болып табылады. «Қазіргі заманғы соғыста іс-әрекеттің сәтті болуы әскерлердің коалициялық топтамасын жедел өрістетуге ықпал ететін әскерлерді қарумен, оқ-дәрілермен, жауынгерлік техника және өзге материалдық-техникалық құралдармен жедел және жауынгерлік қамтамасыз етудің сапасы мен толыққанды ұйымдастырылуына байланысты», - деп генерал-майор Руслан Әлімов атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"