Әскери дайындық байқауы

Тараз қаласында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері  арасында 14-ші облыстық әскери дайындық байқауы өтті.  Облыс орталығы мен аудандарды қатар қамтыған шара Қазақстан Қарулы Күштерінің 26 жылдығына арналып отыр.  

Жылда өтетін дәстүрлі шараға 12 команда қатысты. Мұнда олар әскери-қолданбалы өнердің 8 түрінен сайысқа түсті. Ал саптық байқау, жеке құрамды түгендеу, салтанатты шерумен жүру, взвод құрамында саптық ән айту және әскери қызметшілердің сыртқы кескін-келбетімен бағаланды.

Мақсат – жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру арқылы әскери қызметті өтеу кезінде жастарды ептілік пен төзімділікке тәрбиелеу деңгейін жақсарту. Тұтас елдің қауіпсіздігі мен шекараның тыныштығы осы әскерилердің күш-қуаты мен қырағылығына байланысты. Сондықтан елдің айбыны мен абыройын көрсететін мұндай іс-шаралар жалғаса бермек.

«Жастарға әскери патриоттық тәрбие беруге бәріміз мүдделіміз. Өйткені, еліміздің ертеңі де, шекарамыздың тұтастығы да, болашағымыз да солардың қолында. Тәуелсіз Қазақстанның дәуірінде дүниеге келген олардың санасы – азат, беталысы – үміт күттірерлік. Ең бастысы, Отанға, туған елге деген сүйіспеншіліктері айқын аңғарылады», дейді қорғаныс саласының ардагері Мадияр Байжанов.

Асхат РАЙҚҰЛ


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"