Әскери дағды тәжірибе жүзінде шыңдалды

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің нұсқауына сәйкес ҚР ҚК Бас штабының комиссиясы мамандық бойынша дайындықтың өткізілу барысын тексерді.

Инспекция барысында комиссия мамандық бойынша дайындықтың сапасын, жеке құрамның штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін білуі, бақылау атыстарының жаттығуын орындауда және үлкен қашықтықтарда жаттығуларды орындауда әскери қызметшілердің машықтарын, жауынгерлік даярлықтың жоспарлаушы құжаттарының болуы мен пысықталу барысының сапасын тексерді. Мамандық бойынша дайындықты жетілдіру шеңберінде әскери бөлімдерде әскери қызметшілер лауазымдық арналуы (механик-жүргізушілер, көздеуші операторлар, гранатаатқыштар және т.б.) бойынша оқу топтарына бөлінді. Есептоптардың (экипаждардың) толық құрамдағы оқытылуы әскер тектеріне байланысты өткізілді. Арнайы дайындық бойынша сабақтарды өткізу үшін барлық бөлімшелерде тәжірибелі нұсқаушы сержанттар құрамынан сабақтардың жетекшілері тағайындалды. Оқу-материалдық база, әскери техника және оқ-дәрілер бөлінді. Мамандық бойынша даярлық іс-шаралары барысында бөлімше командирлері ұрысты ұйымдастыру, атысты басқару, қарулы қалыпты ұрысқа келтіру, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардың өткізілу әдістемесіне оқытып-үйретіледі.
«Қарулы Күштердегі мамандық бойынша тексерудің жүргізілген талдауы бөлімше – взвод буынында офицерлер мен сержанттардың әдістемелік шеберлігінің жақсы деңгейін көрсетті. Жауынгерлік даярлық жөніндегі іс-шаралар нәтижелері бойынша жеке құрам әркез атыс тапсырмаларын шешу әрекеттерінде өздерінің практикалық дағдыларын жетілдіруде. Бұл практикалық оқ атулар нәтижелерінің жақсаруына ықпал етеді», - деді комиссия мүшемі ҚР ҚК Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің аға офицері полковник Жанболат Тоқпанов.
Мамандық бойынша дайындық 2017 жылғы 11 желтоқсанда басталғанын және 2018 жылғы 5 қаңтарда, яғни бүгін аяқталатынын айта кету қажет. Көрсетілген дайындық ҚР Қарулы Күштерінің барлық түрлері, өңірлік қолбасшылықтар мен десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілерімен әскери бөлімдер мен бөлімшелер командирлерінің жетекшілік етуімен өткізілді. Практикалық сипатқа ие және негізінен жаттығу, топтық жаттығулар мен практикалық жұмысты орындау әдісімен өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"