Әскери бөлімнің туған күні аталып өтті

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 30217 әскери бөлімінің құрылғанына 29 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

Әскери бөлімнің іргетасы КСРО-ның Қорғаныс министрі Директивасының негізінде 1989 жылы қаланды. Құрылу тарихы сонау Карель, кейін 2-ші Белорусь майданына қатысқан 71-ші мотоатқыштар дивизиясынан басталады. Майданның алдыңғы шебінде болып, соғыстың соңғы жылдары құрметті Торуньская атағын иеленген дивизияның құрамында екі Кеңес Одағының Батыры тәрбиеленді. Әскери бөлімнің құрылғанына 29 жыл толуына арналған мерекелік шарада Кеңес Одағы таратылғаннан кейінгі бірінші командирі болған ҚР Қарулы Күштерінің ардагері запастағы генерал-майор Александр Мартынов, командирдің тәрбие жөніндегі орынбасары болған ҚР ҚК ардагері запастағы полковник Александр Коновалов, «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Фарид Қайранов жеке құрамды құттықтады. Ардагерлерге де қошемет көрсетілді. Салтанатты жиында әскери қызметтегі кәсіби шеберлігі үшін бір топ офицер алғыс алып, мақтау грамоталарымен марапатталды. Көп жыл еңбек етіп жүрген қызметкерлерге де сый-құрмет жасалды. Мерекелік кеш соңы әскери қызметшілер мен олардың балаларының, сондай-ақ, 7-ші мектеп-лицей оқушыларының концертіне ұласты. Дәстүр бойынша әскерилердің отбасы мүшелерінің қатысуымен офицерлердің балы өтті.

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"