Әскери барлау органдарының құрылғанына - 98 жыл

Әскери барлау – қарсыластың немесе ықтимал қарсыластың қарулы күштері туралы, мемлекеттің экономикалық, моральдық-саяси жағдайы туралы мәліметтер алу және зерттеу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жиынтығы. Әскери барлау стратегиялық, оперативтік және тактикалық болып үш түрге бөлінеді. Олар өзара тығыз байланысты, әрі бірін-бірі толықтырып тұрады. Әскери барлауды әскер (әскери барлау) күштері мен құралдары, арнайы органдар (агентуралық барлау) жүргізеді

Тарихқа шегініс жасайық. Брест бітімгерлігіне қол қойылғаннан кейін, барлық штабтар жойылып, әскери барлау өз жұмысын тоқтатты. 1917-ші жылдың қараша-желтоқсан айларында Могилев қаласында Жоғары Бас қолбасшының Жарлығымен барлау бөлімінің бастығы болып В.А.Фейерабенд тағайындалды. Келер жылдың көктемінде жауынгерлік қимылдарға жетекшілік жасау үшінЖоғарғы әскери кеңес құрылды. Штабтарда барлаук бөлімшелері жасақталып, алғашқы барлау кестелері мен мәліметтер түсе бастады. Барлау жұмыстарымен Бас штабтың ақпараттарды іздеу және өңдеуден тұратын Бас басқарма генерал-квартирмейстердің екі бөлімі айналысты. Бөлімнің міндетіне негізінен майданнан түсетін жетілмеген, нақты емес ақпараттарды жинау, өңдеу және барлық барлау материалдарын жүйелендіру кірді. 1918-ші жылдың маусым айының соңында Әскери халық комиссариаты Л.Троцкий кеңестік әскери барлаудағы тұңғыш «Барлау және контрбарлау қызметінің жалпы ережелері» құжатын бекітті. Революциялық әскери кеңестің және далалық штабтың бұйрықтарымен 5 қараша – әскери барлау күні болып бекітілді. Далалық штаб құрамында барлық әскери барлау агенттігінің басын біріктірген тіркеу басқармасы құрылып, тұңғыш бастығы болып С.И.Аралов тағайындалды. Тіркеу басқармасының құрамына агенттік және әскери бақылау, яғни контрразведка секілді екі бөлімше кірді. Әскерлер барлауымен Шұғыл Басқарманың барлау бөлімшесінің 15 адамнан тұратын құрамы айналысты. Агенттік барлау және әскери бақылау органдары пайда болғанымен, жалпы әскери барлау топтасқан күйде қалды. Көп ұзамай Мәскеуде барлау және әскери бақылау курстары ашылды. Оның бағдарламасы жаяу әскер барлау, артиллерия, география, байланыс қызметі, әкімшілік, тактика, артиллериялық барлау, бақылау барлау (контрразведка), инженерлік бақылау, топография, кавалерия барлауы (атты әскер), әскери-топографиялық барлау, агенттік барлау пәндерінен құралды. Кейінірек француз, неміс, ағылшын, жапон, швед, фин және тағы басқа шет тілдерін оқыту басталды. 1921 жылдың сәуір айында тіркеу басқармасы республиканың революциялық әскери кеңесінің Барлау басқармасының штабы болып өзгертілді. Басқарманың штатына әскери барлау бөлімі де қосылды.

 

   Генерал-майор Мұрат БЕКТАНОВ, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы: «Мен үшін 5 қараша – атаулы дата ғана емес. Бұл – әскери барлау органдарының қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайтын күн. Әскери барлаудың тарихын айқындауда орасан маңызға ие күн. Олай дейтінім, мен – барлаушымын. Бұл – менің өмірім. Бұл – менің тағдырым».

   Запастағы полковник Марат АМАНОВ, әскери барлаудың ардагері: «Әскери барлау – үлкен мектеп. Мен әскери барлауда 30 жыл қызмет еттім. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында барлау басқармасын басқардым. Менің ойымша, әскери барлаушы шапшаң, шыдамды, салқынқанды, денесі шыныққан, қандай қиындық болмасын төзімді болуы керек. Барлаушыға ынта мен жігер, білім мен біліктілік, берілген тапсырманы тыңдай білу және оны іс жүзінде дұрыс орындай білу аса маңызды. Әрине, жыл өткен сайын барлаушылардың жауынгерлік әзірлігінің деңгейі жетіліп, тиімділігі де анағұрлым артып келеді. Дегенмен, кез-келген күрделі жағдайда тапсырманы орындауда жауынгерлік дайындықтың деңгейін барынша арттыру, әсіресе лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресте барлаушыларға бүгінгі заманның талабына сай кәсіби амалдар мен қимыл-әрекет әдістерін үйрену қажет».

   Подполковник Серік РАМАЗАНОВ, 44736 әскери бөлімінің командирі: «Екінші дүниежүзілік соғыста қаһармандық ерлігімен тарихта қалған қазақстандық барлаушылар туралы айтпай кету мүмкін емес. Мәселен, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған барлаушылардың бірі Бейсен Оңтаев 1943 жылы десантшылар тобының қатарында алғашқылардың бірі болып Днепрден өтуге қатысты. Зеңбірек оғының жауғанына қарамастан дұшпанның траншеясына басып кіріп, жаумен қоян-қолтық ұрысты. Ал, барлаушы Жолдас Сүлейменовтің кеудесіне 1943 жылдың қарашасында 120-шы гвардиялық полктің алдында Кеңес Одағының Маршалы К.К.Рокоссовский өз қолымен «Алтын Жұлдыз» орденін таққанын біреу білсе, біреу білмейді. Жолдас Сүлейменов те Кеңес Одағының Батыры. Бейсен Оңтаев, Жолдас Сүлейменов, Виктор Бойченко, Леонид Шиловский, Гавриил Будник, Прокофий Корниенко, Федор Туров, Григорий Вахонин, Сейітқасым Әшіров, Михаил Абдолов секілді жүрегі қайсар барлаушылар туралы естелік – отаншылдықты оятатын, намысты қамшылайтын, рухты асқақтататын қырларымен қымбат».

 

   Әскери барлау органдарының құрылғанына 98 жыл толуына арналып «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының гарнизондық офицерлер үйінде  44736 әскери бөлімі жеке құрамының қатысуымен салтанатты жиын өтті. Әскери барлау органдарының құрылған күнімен «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штабтар бастығы полковник Талғат Қабдыбекұлы Исмаилов құттықтады. Өзге әскери бөлімдердің командирлері де ізгі тілектерін жеткізді. Бөлім командирі подполковник Серік Әділбекұлы Рамазанов әскери барлау күніне орай бір топ әскери қызметшіге алғыс жариялады. Әскери тәртіп пен ұрысқа әзірлікті жетілдіруге қосқан қомақты үлесі және қызметтік міндеттерін атқаруда белсенділік танытқандығы үшін аға лейтенант М.Дроздов, лейтенант А.Сәбитов, аға сержант А.Құсайынов, аға сержант Р.Сауытбаев, сержант С.Рухов, сержант Е.Мархабаев, сержант С.Жұмағұлов, сержант Т.Төлеуғажы, ефрейтор А.Амантаев, ефрейтор Р.Сайфутдинов мақтау грамотасымен марапатталды. Әскери барлау күніне шашу ретінде әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері және Семей геологиялық-барлау колледжінің шығармашылық ұжымы концерт ұсынды. Шырқалған әсем ән мен күмбірлеген күй барлаушылардың патриоттық сезімін оятты, рухани күш берді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"