Әскери ант қабылдады

Ақтөбе қаласындағы 30238 әскери бөліміне шақырылған 65 мерзімді қызметтегі әскери қызметші Отанға адал болуға ант берді.

Ақтөбе қаласының 30238 әскери бөліміне сарбаздар Қарағанды және Қызылорда облыстарынан шақырылған болатын. Отан қорғаушыларды ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылығы, ата-аналары мен туыстары олардың өміріндегі осынау атаулы күнмен құттықтады.

Ата-аналардың атынан құттықтау сөз сөйлеген жас сарбаз қатардағы Данаевтың анасы Роза Данаева сарбаздарға, осы қабылдаған әскери анттарына адал болуларын, әскери қызметтің қиындықтарына мойымай табандылықпен төтеп беруге шақырып, борыштарын ойдағыдай өткеріп болып үйлеріне, ата-аналарына аман-есен оралуларын тіледі.

Мерзімді қызметтегі әскерилер ант қабылдаған соң кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша жауынгерлік оқуға кіріседі. Жарты жылдан соң олар артиллерист, танкист, байланысшы, атқыш сияқты әскери мамандықтарға ие болып, бірыңғай, толыққанды Отан қорғаушы сапында тұрады.

Жылдан жылға еліміздің түрлі өңірінен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына Егеменді елді қорғаудағы өздерінің қасиетті борышын орындау үшін жастар әскерге шақырылады. Қазіргі уақытта армияға дене бітімі сымбатты, білімді, моральды тұрғыда берік жігіттер қызметке келуде. Олар даңқты жауынгерлік дәстүрдің лайықты ұрпағы және Қазақстан Республикасына қырағы қызмет етудің үлгісі болары сөзсіз.

2018 жылды көктемгі әскерге шақыру барысында Қарулы Күштердің, басқа әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына 17 мыңнан астам шақыру жасындағы азамат шақырылады.



«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"