Әскерге бару - азаматтық парызым!

Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті көктемгі  азаматтарды мерзімді әскерге шақыру аясында ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына  шақырылатын әскерге шақырушыларды салтанатты түрде шығарып салу «Әскерге бару - азаматтық парызым!» атты әскери-патриоттық акциясы өтті.

   Бұл іс-шараға облыстық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР Қарулы Күштерінің және 5513 әскери бөлімнің ардагерлері кеңесінің төрағалары, әскерге шақырушылардың ата-аналары, Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшылығы мен әскери қызметшілері қатысты.

Департамент бастығының орынбасары полковник Ғалмат Даминов: «Халқымыздың «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» деген аталы сөзі бар. Өйткені ел тағдыры, тәуелсіздік тағдыры Отан қорғаушы сарбаздардың қолында, солардың жауапкершілігінде»,-деді. Сарбаздарға сәттілік тілеп, сарбаз атына лайық болып, ата-бабаларының дәстүрін абыроймен жалғастыруына тілектестік білдірді.

Одан кейін, әскерге шақырушыларға ыстық ықылас тілектерін білдіру үшін облыстық Ауған соғысы одағының төрағасы Дүкенбай Ермеков, ҚР ҚК ардагері қоғамының төрағасы подполковник Рамиль Тартықов, 5513 әскери бөлімнің ардагерлер кеңесі төрағасы полковник Мұхтар Махманазаров, ҚР ҚК ардагерлер қоғамының төраға орынбасары полковник Мадияр Байжанов және 5513 әскери бөлімнің ардагерлер кеңесі төраға орынбасары подполковник Ақайдар Дүйсенбиевке және 6506 әскери бөлім өкілі майор Бағлан Дошамановқа сөз берілді.

Сондай-ақ болашақ сарбаз Қордай ауданынан әскерге шақырылушы Заңғар Сенбайдың анасы Гүлжан Ермекқызы мен болашақ сарбаз Байзақ ауданынан әскерге шақырылушы Нұрсұлтан Саматұлы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Отан алдындағы міндетін мүлтіксіз, абыроймен атқаратындығына сөз берді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ел байрағын желбіретіп, Қазақстан Республикасының мәртебесін биікке көтеретін, ел намысын жауға қолдан бермейтін біздің болашақ қорғандарымыз – көктемгі 2018 жылғы мерзімді әскерге шақырушы сарбаздар ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына Отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанды.

Гауhар ҚОСЖАНОВА                                   


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"