Әскердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары 85% азайған

Әскердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары 85% азайған

Қазақстан Республикасының Президенті - ҚК Жоғары Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында армиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді профилактикалық жұмыстар жүріп жатыр.

Статистикалық деректерге сәйкес, Қарулы Күштерде биылғы бес айда сыбайлас жемқорлық қылмыстары 85% қысқарған.

«Бұл - осы бағыттағы алдын алу жұмыстары мен сыбайлас жемқорлықтың себептерін терең талдаудың нәтижесі. Бүгінгі таңда Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери тәртіпті және армиядағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған «Армияда қылмыскерлерге орын жоқ» бағдарламасы іске асырылып келеді» делінген хабарламада.

Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияға ерекше мәртебе берілді. Енді ол кешенді талдау жұмыстарымен, парақорлық көріністеріне жол бермейтін қызметті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізумен айнлысып отыр.

Бұдан бөлек, парақорлық қылмыстарын жасау тәуекелі жоғары лауазымдарға тағайындалатын тұлғаларға қатысты полиграфологиялық тексеріс тұрақты түрде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жұмыстары жалғасын тауып отыр. Соның нәтижесінде қызмет көрсету мерзімдері 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқарды әрі талап етілетін құжаттардың пакеті де жұқара түсті.

Министрліктің мәліметінше, Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлықты түбірімен жою жұмысы жалғасуда.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи