Әскерде заң бұзушылыққа жол берілмейді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-Бас штабы бастығының 2016 жылғы 30 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде құқық бұзушылықтар профилактикасының 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар» жоспарын және «2017 – Армияда қылмысқа орын жоқ» атты бағдарламасын іске асыру мақсатында 44813 әскери бөлімінің барлық санатымен Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділов пен әділет лейтенанты Бағжан Байкелдиев «Прокурор сағаты» атты сабақ өткізді.

Д.Жұмаділов жеке құрамға әскери қызметте және қызметтен тыс уақытта қылмыстық құқық бұзушылыққа итермелейтін себеп салдарларды жеткізіп, 2017 жылы І тоқсанда Ақмола гарнизонында орын алған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың қалай орын алғандығын, алдағы уақытта,  «2017 – Армияда қылмысқа орын жоқ» деп бекітілген  бағдарлама аясында ешқандай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырды.

Сонымен қатар прокурор әскери қызметшілерге «100 прокурорлық кеңес» атты жаднама таратып, қандай да бір заңдылық аясындағы сұрақтар туындаса  хабарласуына болатындығын жеткізді.

Әскери прокурор бірқатар шешімін таппай жүрген әскери қызметшілердің сұрақтарына жауап беріп, кеңесін айтты.

Сөз соңында  әділет полковнигі Данияр Жұмаділов  44813 әскери бөліміне Қазақстанның төрт облысынан шақырылған 159 мерзімді әскери қызметшілермен сұхбат жүргізіп, әскери тәртіпті жеткізіп, алдағы уақытта Отан алдындағы әскери борышын өтеуде жетістіктер тілеп,                барлық әскери қызметшілерге 7 мамырда өткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуы мерекесімен құттықтап, қызметтеріне жетістік, отбасыларына береке, бірлік, қуанышпен шаттық тіледі.

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"