Әскерде темірдей тәртіп

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының базасына барғанымызда темірдей тәртіптің мықтап сақталғанына көз жеткізгендей болдық. Қақпа алдындағы күзетшілердің қырағылығының өзі осының дәлеліндей. Ішке енгенше бірнеше тексерістен өттік. Әрине, әскери пунктте осылай болуы да заңдылық. Елдің, жердің тыныштығын сақтау жауапкершілігі жүктелген  сақшыларымыз бәріне сақадай сай. Әскери қызметтің қауырт тіршілігінен бір сәт уақыт тапқан подполковник Абай Өмірзақовпен де тілдесудің сәті түсті.

Отар әскери гарнизонында лейтенант шенін алып, сол жерде қызмет жолын бастаған ол взвод командирінен мотоатқыштар командирі лауазымына дейін бірнеше сатыдан өтіпті. Подполковник еңбек жолындағы мінсіз атқарған қызметінің арқасында лауазымның жоғарлағанын айтады. «2007 жылдың сәуір айында тексеру болды, сол жолы менің ротам бірінші орын алды. Осыдан кейін Бауыржан Момышұлы ауылындағы әскери бөлімге батальон командирінің орынбасары штаб бастығы лауазымына жоғарылатты. Сол жылы күзде осы өңірлік қолбасшылық әскерлері штабының жауынгерлік даярлық басқармасының аға офицері лауызымына тағайындады», - дейді ол.

Балалық арманы оны адастырмағандай. Бүгінде абыроймен Отан қорғау жылында аянбай еңбек етуде.

Әңгіме үстінде өзі қызмет атқарып жүрген «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы туралы да сұрадық. «Бүгінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында 26 әскери бөлім бар. Әскери қызметшілердің физикалық жағдайы бұрынғыға қарағанда өте жоғары деңгейде. Қазір техникалық база жақсарған. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, генерал-лейтенант М.Майкеев өзі арнайы келіп жылына екі рет күзде-көктемде әскери техниканы жазғы немесе қысқы кезеңге ауыстыру процесін бақылаудан өткізеді. Содан кейін болар талап күшті. Қазір қыстықтан жазғы кезеңге ауыстырылу үстінде», - подполковник Абай Өмірзақов.

                                                                                                Асхат РАЙҚҰЛ

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"