Әскер тынысымен жақынырақ танысты

«Баласы атқа мінсе, анасы үйде отырып тақымын қысады» дегендей әрбір ата-ана баласының  амандығын, оның қандай күйде жүргендігін көзімен көрмей, көңілдері көншімейтіндігі айдан-анық. Өздерін әлі бала көретін азаматтарын әскерге шығарып салып, олардың қалай қызмет етіп жатқандығы көңілдерін алаңдатпай қоймайды.

Жуырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлеріне қарасты 30212 әскери бөлімінде ашық есік күні өткізілді. Бұл іс-шараның бір ерекшелігі мерзімді әскери қызметшілердің де 100 шақты ата-аналары келді.  Яғни, бөлімнің орналасқан жеріне жақын тұратын  Алматы және Тараз облысынан келген ата-аналар жиналды. Ата-аналар бақылап өткізу пунктінен өткеннен кейін бірден оқу корпусындағы
206 қабинетке жиналды.  Бұл жерде оларды 30212 әскери бөлімінің  командирі ұлан полковнигі Талғат Қанибекұлы Сапарбаев, Гвардейск гарнизонының әскери прокруроры әділет майоры Ғазез Айдын Амангелдіұлы және басқа да кісілер қарсы алды. Кітапхана ұжымы өткен жылы 75 жылдығын атап өткен біздің әскери бөлім туралы кітап және суретт көрмесін ұйымдастырды.

30212 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары ұлан подполковнигі Е.Усманов ата-аналарға бүгінгі ашық есік күнінің жалпы мақсатын түсіндіре отырып, бөлімнің  басшылық құрамы және шақыртылған қонақтармен таныстырып өтті. Содан кейін алғашқы сөз кезегі 30212 әскери бөлімінің командирі ұлан полковнигі Талғат Сапарбаев мырзаға берілді.  Ол өз сөзінде әскери бөлімде  алты ай бойы түрлі мамандық бойынша қызметшілер даярланып, Қазақстан бойынша барлық әскери бөлімдерге дайын мамандарды жіберетіндігін атап өтті.

Келесі сөз кезегін ауған соғысының ардагері, интернационалист-жауынгер  Нұсқабаев Сейдіғаппар алып, ата-аналарға аталмыш әскери бөлім туралы айта келіп, өзі де осы бөлімге жиі келіп, жас сарбаздармен кездесулер өткізетіндігін жеткізді. Ал, Гвардейск гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Ғазез Айдын өз кезегінде ата-аналарға Гвардейск гарнизонындағы қылмыстық-құқықбұзушылыққа тоқталып, оның 2016 жылы 50 пайызға азайғандығын айтып, оған тек қана әскери қызметшілердің ғана емес сонымен қатар ата-аналардың да үлесінің жоғары екендігі айтты. Әскери бөлімде әрбір мерзімді әскери қызметшілермен  жеке-жеке жұмыс жасалатындығына тоқтала отырып, олардың тәлім-тәрбиесіне баса назар аударатындығын да тілге тиек етті.

Сонымен қатар бөлім психологы ұлан капитаны М.Рахимова да сөз алып, әрбір әскери мектепте жаңа штат бойынша психологтардың енгізілгендігін және олардың жұмыстары бөлімде әртүрлі оқиғалардың, құқықбұзушылықтардың алдын алуға үлкен септігін тиігізіп жатқандығын айтып өтті.

Жиналыстың соңында ата-аналар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын бөлім басшылығына және Гвардейск гарнизонының әскери прокурорына қойып, тұшымда жауаптарын алды. Жиналыстан шыққаннан кейін ата-аналарды әр әскери мектептің офицерлері күтіп алып, балаларының оқып-жаттығатын орындарымен таныстырды. Ата-аналар өз балаларының техникамен жұмыс істеп отырғандықтарын көздерімен көріп марқайып, көңілдеріне қуаныш ұялады. Одан кейін балаларының жататын орындарымен, тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Ашық есік күніне келген ата-аналардың ішінен артиллериялық кіші мамандарды даярлау әскери мектебі  2-оқу артиллериялық батареясы 2 оқу артиллериялық взводының курсанты Азамат Каримбековтың әкесі  Каримбеков Қуаныш ағамен әңгімелесудің сәті түсті. Қуаныш аға алдымен баласының қызмет етіп жүрген бөліміне өзінің ризашылығын білдірді. Әрбір жексенбі күні баласымен ұялы телефон арқылы сөйлесіп, хал-жағдайын біліп отыратындығын,  перзентінің есейіп қалғандығын зор қуанышпен айтты. Бұрынғы балалығы қалып, сабырлы, өз ойын еркін жеткізе алатын Қазақстан Республикасының Отан қорғаушысын көргендігін, өз баласын әрқашан да мақтан тұтатындығын жеткізді. Бөлім басшылығына баласына жақсы тәрбие бергендігі үшін алғысын білдіріп, батасын да берді.

Балаларының тұрмыс-тіршілігімен танысып болғаннан кейін барлық ата- ана саптық алаңға шығып, бөлім ұйымдастырған «Кадет-курсант – 2017» әскери сайысын тамашалады. Сонымен қатар, ата-аналар балаларын кешкі сағат 18.00-ге дейін сейілдемеге алып шығуға мүмкіндік алды.

 

Ұлан майоры Ә.Рысбаев

30212 әскери бөлімі 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"