ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

«Әскер медиа-2017» тұңғыш республикалық әскери баспасөз фестивалі

«Әскер медиа-2017» тұңғыш республикалық әскери баспасөз фестивалі

Барлық көпбейінді журналистердің, яғни, республикалық және өңірлік деңгейлердегі, баспасөз, телевизиялық және электронды БАҚ, радио және блогерлердің басын біріктіретін «Әскер медиа-2017» тұңғыш республикалық әскери баспасөз фестиваліне қатысу үшін 150-ден астам өтінім келіп түсті.

Фестивальдің негізгі мақсаттары – Қарулы Күштердің ашықтылығы мен қолжетімділігін арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарының ҚК қызметін білікті және дәйекті түрде жария ету, оң қоғамдық пікір қалыптастыру, әскери қызметтің беделін арттыру және насихаттау, бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыру болып табылады. 

«Әскер медиа-2017» тұңғыш республикалық байқауы ағымдағы жылғы шілдеде басталғанын айта кету қажет. Жұмыстарды бағалаудың басты өлшемшарттары: жоғары кәсіби деңгей, тақырыптық өзектілігі және мазмұндау тілінің мәнерлілігі. «Әскери медиа-2017» тұңғыш республикалық баспасөз фестивалінің қорытындысы бойынша «Үздік телевизиялық бағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Баспасөз БАҚ-тағы үздік материал», «Ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс», «Үздік фотожұмыс», «Әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік жұмыс», «Үздік әскери шолушы», «Үздік жас журналист», «Үздік өңірлік БАҚ» номинациялары бойынша үздік БАҚ өкілдері таңдалатын болады. 

Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі байқауға қатысу үшін жұмыстарды қабылдауды жалғастыруда. Ол үшін Сізге ағымдағы жылғы 30 қазанға дейін https://mod.gov.kz/rus/asker_media_2017/asker_zayavka/ мекенжайы бойынша өтінім беру қажет. Сондай-ақ ыңғайлы болу үшін Қорғаныс министрлігі https://youtu.be/4zXZ8dOrojg өтінімді беру тәртібіне қатысты бейнеролик дайындады. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?