Әскер – өмір мектебі

Әскер – өмір мектебі

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілердің босатылуына орай жауынгерлік тумен қоштасу рәсімін өткізе отырып, жаппай салтанатты іс-шаралар өтуде.

Яғни, заңмен белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген 2017 жылғы күзгі шақырылымның 6000-ға жуық мерзімді әскери қызметшісі запасқа босатылады. Салтанатты сап түзеуде әскери бөлімдердің командирлері, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары, сондай-ақ еліміздің Қарулы Күштерінің ардагерлері өз лебіздерін білдірді. Бір жыл бойы әскери қызметшілер әскери мамандықты меңгеріп, жауынгерлік даярлықта елеулі нәтижелерге қол жеткізді, бірнеше мәрте іс жүзінде жоғары жауынгерлік машықты паш етті. Қызметтік міндеттерін адал орындап, үлгілі әскери тәртібі, жауынгерлік және дене даярлығындағы жоғары көрсеткіштері үшін әскери қызметшілер грамоталармен, ата-аналарға арналған алғыс хаттармен марапатталды. Бірқатар әскери қызметшіге кезекті әскери атақтар берілді.

Осы орайда босатылатын әскери қызметшілердің бірсыпырасы Армиялық халықаралық ойындар, «Батыс» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы мен «Іздестіру» жедел тактикалық арнайы оқу-жаттығуы сияқты республикалық және халықаралық ауқымдағы іс-шараларды дайындау мен өткізуге белсене атсалысқанын айта кетейік.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства