Әскер–сыналатын, шыңдалатын шақ

Көктем мен күзгі маусым еліміздің барлық әскери комиссариаттарында қызу қарбаласқа толы кезең. Әскер жасындағы бозбалаларды тіркеу, шақыру, медициналық тексеру, психологиялық сынақтан өткізу, іріктеу, қарым-қабілетіне қарай әскер түрлеріне жасақтау. Тепсе темір үзетін шақтарында қару ұстап, сапта тұру – көп жігіттің арманы. Бірақ тіркеуден өткен әскерге шақырылушылардың үштен бірі ғана Қазақстан әскерінің қатарын толықтырады. Газетіміздің өткен сандарында Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Қостанай өңірлеріндегі көктемгі әскерге шақыру науқанының барысымен танысқан болатынбыз. Енді өзге өңірлерге кезек берейік.

                                                                                                                                                                        ЖАМБЫЛ
                             Әскерге бару - адал қызмет пен қасиетті парыз!

Биыл Жамбыл облысы Тараз қаласы қорғаныс істер жөніндегі басқармасында мерзімді көктемгі әскерге шақыру науқаны өз деңгейінде өтіп жатыр деуге толық негіз бар. 18 бен 27 жас аралығындағы 1000-ға жуық ер азаматтар қаңтар – наурыз айы аралығында медициналық комиссиядан өтіп, олармен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Әскери дәрігерлік комисссияның төрағасы Нұрлан Ноғайұлы Раздыков мырза тексеру нәтижелерін қорытындылай келе, әскерге шақырушылардың арасында ең бірінші көз жанарының паталогиясы, одан кейін майтабан, неврологиялық аурулар (эпилепсия, ми ішкілік қысымы), тері аурулары кездесіп жатқанын атап өтеді. Қуантарлығы, жарамдылық санаттар бойынша дәрігерлік куәландырудан өткен, салауатты өмір салтын ұстанып, жауынгер қатарында болғысы келетін, құлшынып тұрған жастар да аз емес. Заңды себептермен (жоғарғы оқу орнында оқитын білімгерлер, отбасылы,отбасы жағдайлары бойынша басқа адамның көмегіне мұқтаж немесе толық мемлекеттік қамсыздандыруға алынбаған, сондай-ақ жақын туыстары болмаған кезде отбасы мүшелерін асырауға міндетті азаматтар), денсаулығына және т.б.) ер азаматтар әскерге барудан босатылды. Нәтижесінде зерделеу мен дәрігерлік тексеруден өткен 350-ден астам ер азамат ҚР Қарулы Күштері және басқа да әскери құрылымдарға Конституциялық және азаматтық парызын өтеуге әскерге шақырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне 60-тан астам шақырылушы мерзімді әскери қызметке аттанды. Мемлекеттік күзет қызметіне бойы 180 см және одан жоғары азаматтар алынатын ескерсек, олар ерекше іріктеуден өтетінін айта кету керек. Ұлттық ұланға 150 бозбала аттанды.
Жалпы, Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ең негізгі функциясын атқарушы бөлім - «Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді іріктеу және әскерге шақыру» бөлімі. Әскерге шақыру науқаны жүргізілген кезде бұл бөлімнің жұмысы қарқынды жүріп жатады. Жамбыл облысы Тараз қаласының қорғаныс істер басқармасында 24 жылдан бері осы бөлімде еренбей еңбек етіп келе жатқан бөлім инспекторы Ұрлыға Балабекқызы Абдумуталиева болашақ сарбаздарды әскерге іріктеу және шақыруды үш кезеңге бөліп қарастырады: «Әскерге шақырудың бірінші кезеңі-іріктеу - зерделеу жұмыстары жүргізілген кезде, әскери қызметке шақыру бөлімінің мамандары әскери қызмет өтеуге тиісті шақырушыларды дер кезінде құлақтандыру, олардың келуін қадағалау,медициналық куәландырудан өткізу, тапсырыстарды дер кезінде орындау жұмыстары жүргізеді. Осы бөлімнің мамандары шақыру қағаздарын толтырып, әкімшіліктен бөлінген қоғамдық жұмысшыларға шақыру қағаздары табыстап, олар өз тарапынан тиісті мекенжайға жеткізіп отырады. Екінші кезеңде-шақыру қағазын алып, басқармаға келген болашақ сарбаздар өз тұрғылықты мекенжайына байланысты емханаларға сараптама тапсыру үшін жолдамалар алып, басқарманың ішінде толық медициналық тексеру комиссиясынан өтеді.Үшінщі кезеңде - дәрігерлік тексеруден өткен жас сарбаздардың құжаттары облыстық департаментке жіберіліп, олар облыстық медициналық тексеру комиссиясынан өтеді.Осыдан кейін жас сарбаздар өзінің Отан алдындағы борышын өтеу үшін мерзімді әскери қызмет атқаруға аттанады». Ұрлыға Балабекқызы кәсіптік сауаттылығы мен тәжірибиелігінің арқасында ұжымда зор абырой мен беделге ие. Басқармаға келген әрбір болашақ сарбазға және оның ата-анасына әскери қызметті өтеудің ер азамат үшін Отан алдындағы азаматтық борышы екендігін , әскерге шақырылудан қорқудың қажеті жоқтығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сол арқылы келушілердің рухын көтеріп, жігерлендіріп отырады. Асыл жарынан ерте айырылған Ұрлыға Балабековна жалғыз ұлы ер жетіп, әскери мамандықты таңдағанда қарсы болмаған екен. Бүгінде Құрлықтағы әскер институтының түлегі болған ұлының Аягөз қаласында әскери бөлімде әскери қызмет атқарып жатқанын ерекше тебіреніп, мақтан етеді.
Асылы, басқармада жұмыс жасап, әскерге шығарып салу рәсімдерінде әскери шекпені бар, төсі түрлі алқаларға толы ардагерлеріміз бен көктемгі және күзгі шақырылымдарға іріктеліп, сақадай сай тізіліп, құлшынып тұрған бозбала жастарды көргенде ерекше толғанып, биік сезімдерге бөленесің. Елдің тыныштығын қорғауға бара жатқан әрбір жас жауынгерге Отан Ана алдындағы борышын адалынан, абыроймен өтеп келуіне тілектеспін!

 Жамбыл облысы Тараз қаласы қорғаныс істері жөніндегі
басқармасының мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі
маман Альмира Жабаева

                                                                                                                                               Солтүстік ҚАЗАҚСТАН

                                                                   Әскер–сыналатын, шыңдалатын шақ

Әскердегі қызмет – үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан бозбаладан батыл шешімдер қабылдар тұлға қалыптастыру мектебі. Олар әскерден келгенде нақты мақсаттармен келеді, ал енді біреулері өздерінің болашақтарын әскери саламен байланыстырады. Солтүстік Қазақстан облысында 2018 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны өтіп жатыр. Әскерге шақыру комиссиясын алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Өздерінің ұялы телефондарын өткізу пунктерінде қалдырып кеткен жас жеткіншектер туғандарынан алыстайтын жауапты кезеңнің жақындап қалғанын сезетіндей. Жиынтық пунктінің дәлізінде тыныштық.  Тек шаштары үлгілі етіп қиылған бірнеше жігіт қана терезенің алдында алдағы қызметтегі  қиыншылықтарды талқылаумен отыр. Олар әскердегі қызмет – әрбір ер азаматының әскери парызы екенін түсінеді. 19 жастағы Евгений Иванов – Петропавл қаласының тумасы. Ана-анасы балалық шағынан бастап Орынтайды нағыз патриот етіп тәрбиелеген, ал Отанға қызмет етуге ниетті өзі білдіріп, өз еркімен келген.

-Қазір Шекара қызметіне жинақтау жүргізіліп жатыр, өтемін деген ойдамын. Медкомиссиямен қиындықтар туған жоқ,-дейді әскерге шақырылушы. Евгений сияқтылар аз емес.

-         Ағымдағы жылдың көктемінде Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен мерзімді әскери қызметке 700-ге жуық 18 жастан 27 жасқа дейінгі солтүстікқазақстандықты әскерге шақыру жоспарланды. Әскерге шақырылушылар Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде, ҚР Ұлттық гвардиясында, Мемлекеттік күзет қызметінде және ҚР ҰҚК-нің шекаралық қызметінде әскери қызметін өткеретін болады, - деді СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Алмаз Тілеуханов.

             Мерзімді әскери қызметке әскерге шақыру «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес жылына 2 рет өткізіледі.

-         Әскери қызметке, әскерге шақыруға іріктеп алу мұқият және жауапкершілікті талап ететін үрдіс,- деп атап өтті СҚО ҚІД бастығы полковник Алмаз Тілеуханұлы. 

             Жергілікті әскери басқару органдары мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінен бастап оларды әскерге жіберуге дейін жүйелі түрде зерделеуден өткізеді. Медициналық қызмет бастығы Назира Ғабдуллина атап өткеніндей, көктемгі әскерге шақыру басталғаннан бері 600-дей әскерге шақырылушы тексеруден өткен.

-Әскерге шақырылушылар арасында ең жиі кездесетін ауру – омыртқа бағанының қисаюы және бұзылуы, майтабандық және көз жанарының бұзылуы. «Бұл аурулар жастардың көп уақытын компьютер алдында өткізу себебінен ішкі ағзалардың бұзылуына әкеліп соғады», - дейді майор Ғабдуллина. Ақаусыз денсаулықтан басқа әскерге шақырылушылардан тұрақты психика, білім деңгейі және арнайы тексерістен өту талап етіледі. Осы критерийлер бойынша жас жеткіншектерді таңдау қиынға соғады.

         Әскерге баруға мүмкіндік алғандарды бақытты адам деп есептеуге болады. Оларға нақты «Әскер» атты маңызды мектептен өту қажет. Оған алғашқы қадам – Қорғаныс істері жөніндегі әскерге шақыру бөлімдері. 

Диана Халимова
 
         Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс

істері жөніндегі департаменті

баспасөз қызметінің бастығы

қызметін уақытша орындаушы

 

Қызылорда


                                                                           Сыр елінен 200 сарбаз аттанды

                                                                                                                                                                                                      Қызылорда облысынан биыл көктемгі мерзімді әскерге шақыру бойынша 800-ден аса азамат Отан алдындағы борышын өтейтін болады. ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарына жіберу жұмыстары наурыздың 15 мен маусымның 27-сі  аралықтарына дейін жалғасады. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қарасты Алматы, Үшарал, Сарығаш, Қордай өңірлеріне 200-ге жуық Сыр елінінің азаматтары әскер қатарына жіберілді. Ал сәуірдің 15-нен мамырдың 15-не дейінгі аралықта ҚР Қарулы Күштеріне қарасты әскери бөлімдерге сарбаздарды жіберу шарасы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, элиталы әскери құрылым саналатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 15-тен аса азаматты іріктеу жұмыстары жүргізілуде.Осы негізде бойы мен біліктілігі, білімі мен денсаулығы барлық талаптарға сәйкес келген азаматтар сәуірдің 23-нде Мемлекеттік күзет қызметіне Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады.

         Мамыр айының ортасынан бастап, келесі әскери құрылым саналатын ҚР ІІМ Ұлттық Ұланға жіберіледі.

         Мәселен, әскерге барар алдында жинақтау пунктінде Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері мен психологы 3 күн бойы сарбаздармен дайындық жұмыстарын жүргізеді.

         Сонымен қатар, олардың тазалығы, әскери киімдері мен 3 мезгіл тамағы уақтылы қадағаланады. Оларды әскерге шығарып салу шарасы қаламызда орналасқан Жалаңтөс, Баһадүр, Қабанбай секілді батырлар ескерткіші жанында және Тағзым алаңында салтанатты түрде ұйымдастырылады.

         Діни экстримизм мен тероризмнің алдын-алу мақсатында Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының «Дін орталығының» теологтарымен бірлесе түсіндірме дәрістері өткізіледі.

         Мерзімді әскери қызметке шақырушы азаматтар алдымен міндетті түрде медициналық куәландырудан өтеді. Әскери-дәрігерлік комиссия медициналық куәландыру нәтижелері бойынша болашақ сарбаздардың денсаулығы жөнінде шешім шығарады. Қызылорда облысының тұрақты әскерге шақыру медициналық комиссиясының аға дәрігері Хасан Гульшат Айшеқызының айтуынша, қазір облыстық медициналық комиссияда медициналық куәландыру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтардың көбі әскер қатарына баруға ынталы. Алайда денсаулықтарына байланысты қайта тексерілуге жіберіледі. Оның ішінде жүйке жүйесі неврология, көз, хирургиялық аурулар бойынша қайта емделуде.

Қазіргі уақытта Сыр өңірінде ҚР ҚК қарасты әскери бөлімдерге іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде ерекше көзге түскені–Арал қаласының тұрғыны Кеңесов Самғат Мейрамбекұлы. Отбасында бір ұл, бір қыз тәрбиеленуде. Үйдің үлкені Самғат Мейрамбекұлы.

-Әскерге бару- Отан алдындағы борышым деп санаймын. Себебі бала кезден бері 6 ұл бірге айрылмас жан дос болдық. Мектеп қабырғасынан бастап, бір- бірімізге уәде берген болатынбыз. Әскери оқу орнына немесе әскерге баруымыз міндетті деген арамызда уәде болды. Сол уәдені орындау мақсатында 6 достың біреуі Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтында білім алды. Үшеуі әскер қатарында болды. Енді мен де әскери міндетімді орындауға аттанғалы тұрмын,- дейді болашақ сарбаз Самғат.

                                                                                     Ақерке Шағырбаева

Қызылорда облысы Қорғаныс

істері жөніндегі департаменті

баспасөз қызметінің бастығы

 

 

АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Сарбаз – тыныштық сақшысы

Жамбылдық жігіттер Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге ниетті. Көктемгі шақырылым басталғалы 200-ден астам бозбала әскерге аттанып, қару ұстап, сапқа қосылды. Облыс орталығында патриоттық акция өткізіліп, бір топ шақырылушы Отан қорғауға аттанып кетті.

Сарбаз – тыныштық сақшысы. Қазақ армиясы да заман көшінен қалмай, ілесіп келеді. Халықаралық әскери ойындарда, оқу-жаттығуларда белсенділік танытып жүрген сардарлардың кәсіби білімі мен білігі де жыл санап арта түсуде. Бұл салаға мемлекет қамқорлығы жыл санап артып отыр.

«Біз тәуелсіз Қазақстан әскерін мақтан тұтамыз. «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген батыр Бауыржан Момышұлының рухты сөзін өмірлік бағдаршамына айналдырған сарбаздар қашан да ел тірегі болып қала бермек. Айбынымыз әрдайым асқақ, байрағымыз биік болғаны жауынгерлеріміздің күш-қуатына байланысты», дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов.

Биыл өңіріміздегі қорғаныс департаментінің құрылғанына 100 жыл толды. Ғасыр бойы сардарларды сақадай сай етіп сайлап, жөнелтіп отырған комиссариаттың Қарулы Күштерге қосқан еңбегі орасан. Сондықтан салтанатты жиында салада қалтқысыз қызмет етіп, мекеме дамуына қосқан үлесі үшін бір топ ардагерлерге мерейтойлық төсбелгілер табыс етілді.

«Патриотизм кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, яғни туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жер, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – әрбір ер азаматтың айнымас борышы. Біздің жігіттеріміз осындай үдеден шығып жүргеніне күмән кем», дейді Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Асқар Ниязов.

«Ұлы дала әскері – мәңгілік ел тірегі» ұранымен өткен жиында қорғаныс қызметінің жеткен жетістіктері мен толайым табыстары айтылды. Генералдар әскер қауқарының артқандығын жастарға мақтанышпен жеткізді. Жамбылдық жігіттерге әскерге жолдама беріліп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің сапы 40-тан астам жауынгермен толықты. Олар Отан алдындағы борышын Сарыағаш қаласында өтеп, шекара шебін күзетететін болады.

Әрине, әскер қатарына қабылдану – екінің біріне бұйыра бермес қуаныш. Мұны жас сарбаздар үлкен жауапкершілікпен сезіне алды. Қорғаныс саласының өнерпаздары патриоттық әндер орындап, әскери қызметін өтеуге кетіп бара жатқан жігіттерді жігерлендірді.

Асхат Райқұл

                                                                                                                                          Шығыс  ҚАЗАҚСТАН

 

                                Әскер қатарына шақырылғысы  келетін жастар көбейіп келеді

                                                                         

Көктемгі шақыру биыл жылдағыдан ертерек басталды. Елбасының жарлығы ақпан айының соңында шықса, алғашқы әскер қатарына шақыру наурыз айының екінші онкүндігінде басталып кетті.

Біздің Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы мерзімді әскери қызметке шақыру тапсырысы жалпы  1200-ден аса   адам. Оның ішінде ҰҚК – нің шекара қызметіне - 310,  ІІМ-нің Ұлттық Ұлан сапына-469,  ҚР ҚК  қатарына-470-тей сарбазға тапсырыс берілген. Жыл өткен сайын әскерлер қатарына шақырылушыларға  қойылатын талап та күшейтілуде.

Жалпы шақыру учаскелерінің  тізімі арқылы дәрігерлік тексеруден өткен жастардың   басым бөлігі жарамды болып табылып жатыр. Мысалы, әр шақырылу кезеңінде әр түрлі мөлшерде жастар шақырылады. Олар бірінші деңгейде тұрғылықты жерлерінен дәрігерлік тексеруден  өтеді. Олардың    ішінде   уақытша жарамсыз болып, емделуге жіберіліп немесе әскер қатарына жарамсыз болып жататындар кездеседі. Ол жерден жарамды болған жағдайда  облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне дәрігерлік тексеруге жіберіледі.Жастар арасында әскери қызметке шақыру тиісті деңгейде насихатталып жатқандықтан осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар оң нәтижелерін беруде, яғни Отан алдындағы борышын өтеуге, әскер қатарына шақырылғысы  келетін жастар көбейіп келеді.

 

Аға лейтенант Шынар Жүсіпова

                                                                 Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс

істері жөніндегі департаменті

баспасөз қызметінің бастығы

 

 

 

 

 

 

 




Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"