Әсем Жәкенова мергендігін тағы бір дәлелдеді

Әскери мамандықтарға қатысты «Армия ойындары – 2017» халықаралық жарысының шеңберінде Санкт-Петербург қаласы Қызыл селосындағы С.М.Киров атындағы Әскери-медицина академиясының оқу орталығында 31 шілде – 10 тамыз аралығында  өткен «Әскери-медициналық эстафета» байқауында Қазақстан екінші орынды жеңіп алды. Халықаралық жарыстан жүлдемен оралған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің аға барлаушы-маман-мергені Әсем Жәкеноваға жеке құрам құрмет көрсетті.

«Әскери-медициналық эстафетаға» Ресей, Қазақстан, Белорусь, Зимбабве, Иран мемлекетінің ерлер және әйелдер командаларының әскерилері қатысты. Олар екі кезеңнен құралған сайыста жеке шеберліктерін көрсетіп, командалық біріншілікте мықтылықтарын мойындатты. Макаров пистолеті мен АК-74М автоматынан атып, кедергілер жолағынан өтті. Ұрыс даласындағы салмағы 65-70 кг, бойы 165-170 см, оқ өтпейтін кеудеше мен жалпыәскери шлем киген, жеке АК-74М қаруы бар шартты жаралыны іздеу, оған жақындау, дәрігерлікке дейінгі жәрдем беру, сыртқы қан кетуді уақытша тоқтату, бірінші жарасын таңу, әрі қауіпсіз жерге сүйрелеп жеткізу секілді алғашқы көмек көрсетудің негізгі шарттарын орындады. Сондай-ақ, атып қиратылған БТР-80 бронетранспортерінен экипажды эвакуациялау, шартты жаралыны санитарлық көлікке отырғызу, көліктен шығару, күрделі жағдайдағы мекенде жеңіл броньды көп мақсатты тартқыштарды жүргізу міндеттерін де орындады.

   Кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейін көрсеткен сержантты жеке құрамның алдында бөлім командирі подполковник Сәбит Әзірбайұлы Үркінбаев құттықтады. Әсем Жәкенованың 2015 жылы «Ынтымақтастық жауынгері» халықаралық әскери-кәсіби шеберлік байқауында жеке есепте екінші орынды ұтып алғанын еске салды. Қол жекпе-жегінен спорт шебері, дзю-до және самбо күресінен спорт шеберлігіне үміткер, ТМД және ҚР Қарулы Күштері арасындағы жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегері екенін де айтып өтті. Ал, «Әскери-медициналық эстафета» байқауында жоғары жеке көрсеткішке қол жеткізгені күнделікті жаттығулар арқылы жинақталатын тәжірибе екеніне тоқталды. Жарыс жеңімпазы әскери қызметшілерге медаль мен құрмет грамотасын мақтанышпен көрсетті. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"