Әлеуметтік қызмет жетекшілерінің басқосуы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет жетекшілері оқу-әдістемелік жиында бас қосты. Онда әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтердің жұмысына баға беріліп, қорытынды жасалды.

   Жиынға қатысушылармен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағанов, ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, Анголадағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан запастағы генерал-майор Александр Мартынов әңгімелесті. Семей қаласындағы «Ана Үйі» қоғамдық қорының психологы Нағима Смаилова «Отбасы, отбасылық шиеленістер, ажырасудан кейінгі өмір, балалық пен ата-аналық қарым-қатынастар» төңірегінде шеберлік сабағын жүргізді. Осы қордың үйлестірушісі Айнагүл Нұртазина «Тұрмыстық-психологиялық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге психологиялық көмек» тақырыбында дәріс оқыды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет жетекшісі Айжан Қашағанова әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптеріне тағы бір мәрте тоқталды. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі лауазымды тұлғалардың міндеттері мен негізгі жұмыс түрлерін жан-жақты түсіндірді. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жүргізудегі органдардың құрылымдары туралы да баян етті. Еліміздің Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметке заманның талабы мен талғамына қарай мол міндет жүктеліп отырғанын баса айтты.

Сондай-ақ, әскери қызметшілердің отбасыларын аралау, жасалған жәрдем, мүгедек балаларға көрсетілген көмек, берілген заңды және психологиялық кеңес, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен болған кездесулер, өткізілген қайырымдылық акциялары, мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылған балалар, әскери қызметшілердің жұмыспен қамтамасыз етілген әйелдері, әскери қызметшілердің балаларына арналған үйірмелер мен секциялар, ұйымдастырылған іс-шаралар, гарнизондарды аралаған көшпелі комиссия туралы да есеп берілді. Оқу-әдістемелік жиынның соңында жақсы жағынан көрінген әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтер мен бөлімдердің бірқатар жетекшілеріне құрмет көрсетілді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства