Әлемнің әскери техникалары

Заман дамыған сайын адамдардың қиялынан түрлі әскери қару-жарақ туындауда. Ғалымдар ең деген әскери техникалар үлгісін жасап қана қоймай, оларды шынайы өмірде де өңдеп шығуда. Мәселен,  биылғы «KADEX – 2016» көрмесіне қойылған IT-технологиялар, робот техника, авиация, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы өзге де озық бағыттар аясындағы құралдар сөзіміздің дәлелі.

2020 жылы Ресей армиясында соғысқа қабілетті роботтар пайда болады

Америкалық Newsweek-те 2020 жылы Ресей армиясында әскери роботтар пайда болады деген ақпарат бар екен. Интернет басылымның жазуынша, Ресей қазіргі кезде әскери роботтарды жасауға белсене кірісіп отыр. Қазіргі таңда Ресейде қолданысқа енгізілген, гранатомёт пен пулемётпен жарақтандырылған «Платформа-М» роботы бар.  «Мұнымен қатар, көлік құралдары мен әскери ату құралдарын басқара алатын робот-аватар мен миналарды залалсыздандыратын «Уран-6» робот-сапёрі, өрт сөндіріп, қирандыларды тазалайтын «Уран-14» роботы, сондай-ақ суасты барлауымен айналысуға қабілетті барлаушы роботтар бар. Бұлардың барлығы «Болашақтың әскері» жобасы аясында жасалуда» деп жазады басылым.

Эстон әскерилері әмбебап робот жасап шықты

Эстонияда шынжыр табанды робот сынақтан сәтті өтті, деп хабарлайды N+1. THeMIS роботы жүк тасымалдауға арналған. Ондай міндетті бұған дейін үлкен техника немесе жауынгерлердің өздері атқарып келді. Роботтың жылдамдығы сағатына 35 км, ол өзімен бірге 750 келі жүк алып жүре алады. Ал аппараттың салмағы жарақтандырылуына қарай 750-850 келі шамасында.

THeMIS қуаты 10 сағат тоқтаусыз жүруге жетеді. Оны дизель қозғалтқышына қосылған генератор арқылы қуаттайды. Оның негізгі бөліктері болатпен қорғалған. Робот үш режимде жұмыс істей алады: автономды, жауынгер еріп жүріп немесе қашықтан басқау арқылы.

Қытайдың ұшқышсыз ұшақ модельдері

Бүгінде Қытай түрлі мақсаттағы ұшқышсыз ұшақтарды дайындауда және пайдалануда. «Илунь», «Лицзян» және «Әуе қылышы» деп аталатын үлгілері дәл тигізетін қарулармен жабдықталған. «Лицзян» үлгісіне «стелс» технологиялары орнатылған. Радарға түспейтін бұл ұшақты барлау қызметіне пайдаланады. Онда радиотолқындарды анықтайтын құрылғылар кешені орналасқан.
Интернетте қытайлық «Аспан қыраны» атты ұшқышсыз ұшақтың алыстан түсірген «тыңшылық» суреттері пайда болды. Бейресми сарапшылардың пікіріне сүйенсек, бұл ұшақ америкалық И-2 бомбылаушы ұшақтары мен F-22 истребителін қосқанда, жаңа ұшақтар мен кемелерді табу және олармен күресу үшін құрылған.

Осындай көзге көрінбейтін ұшқышсыз ұшақтары арқылы Қытай «стелс» технологиясымен аты шыққан АҚШ, Ұлыбритания және Израиль сынды елдер кіретін клубқа енді.
Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері Қытайдың түрлі мақсатқа арналған «Птеродактиль» ұшағын сатып алды. Бұл ұшақтар техникалық мүмкіндігі жағы­нан Батыс үлгісіне жол бергенімен бағасы арзан тұрады, әрі тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін  сияқты.

Алайда ұшқышсыз ұшақтарды пайдалануда ҚХР-да әскери және коммерицалық салалармен ғана шектеліп отырған жоқ. Қытайлықтар бұл машиналарды апат аймақтарындағы іздестіру-құтқару операцияларына белсенді түрде тартуда. Бұл машиналардың мүмкіндіктері оларды ТЖ-лар кезіндегі әрекеттерге пайдалануда жақсы нәтижелер көрсетуде. Бұль ұшақтардың тағы артықшылығы, олар соншалықты қымбат емес және жедел әрекет етеді.

Оқ өткізбейтін желе Лодзи

Ғылыми зерттеу институттарының бірінде әскери мамандар мен  құқық қорғаушыларға арналған тың жабдық әзірленуде. Оқ өткізбейтін кеудешенің ішкі қабатына өзгеше сұйық зат енгізілмек. Нақтырақ айтқанда, кеудешенің алдыңғы тұсы арнайы сұйықтықпен толтырылып, сырты әдеттегі матамен тысталмақ.      Кинетикалық оқтың пәрменін дәл осы алдыңғы қалташа қабылдайды. Оқ тиген жағдайда аталмыш консистенциясы қалың әрі қою сұйықтыққа қадалып, байланып қаланады.  Жоба координаторы оқ қаншалықты қатты екпінмен келсе, соғұрлым сұйықтықтың қоюлана түсетінін айтады. Бұл үрдіс аталмыш заттың айрықша бөлшектерінің арқасында жүзеге асады. Нәтижесінде адам денесі мен оқтың арасында еңсерілмейтін тосқауыл пайда болады.  Зерттеушілердің пікірінше, болашақта қорғаныш кеудешесі қолданысқа енетін болса, тек ұрыс алаңында ғана пайдаланылмай спорт әлеміне де аса қажет. Спорт майталмандары ағзасының ішкі құрылыстарын түрлі жарақаттар мен соққыдан сақтануға немесе жығылу барысындағы қауіптен қорғауға қауқарлы.  

АҚШ жаңа жойғыш жүйесі

АҚШ Қорғаныс министрлігінің DARPA беделді қорғаныс жобалары агенттігі SoSITE (System of Systems Integration Technology and Experimentation) жүйесін әзірлеу үстінде. Бұл арқылы ұшқышсыз басқарылатын әскери аппараттар біріктіріліп, бомбалау және жою секілді міндеттерді бірлесе орындайтын болады. Жойғыш аппарат ұшқышсыз басқарылып, ұшақты қауіпсіз қашықтықта ұстау арқылы жаудың радиолокациялық жүйелерін атқылайтын болады. SoSITE жүйесі компьютерлік автоматтандырылған қондырғының арқасында жойғыш ұшақтың жұмысын әлдеқайда жеңілдете түспек.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"