Әлемдегі ең мықты снайперлік винтовкалар

1) Винторез. Жарты километрден мүлт кетпейтін бұл қару атақты "Вал" қаруы мен дауылды қарудың будандасуынан шыққан Салмағы 2,5 килограмды құрайтын қолайлы қару үш бөлікке бөлінеді. Оны тығып ұстау тіптен оңай. 

2) СВД (Драгуновтің снайпер Винтовкасы). Драгуновтің бұл снайпері ұзақ жылдар бойы аңызға айналды. Бұл қару тек азияда ғана емес, батыс өңірлерде де зор абыройға ие. Орташа салмақтағы бұл қару бір километрден көрінген жауын жоюға әбден ыңғайлы. Қорабына 10 оқ дәрі сиятын бұл қаруға түңгі көру аппараты да орналасқан. Оның үстіне, СВДқаруының басына пышақ  орнатуға болады. 7,62 калибрлі оқтар, 830 м/с жылдамдықпен ұшады. Мұндай қаруды қарудың қандай екенін жақсы білетіндер ғана ұстайды. 

3) CheyTac m2000 Intervention. Америкада құрастырылып шығарылған мына қару өте ыңғайлы жасалған. Екі километрде тұрған тиынның көзін шығаруға болатын қарудың қандай екенін өздеріңіз бағамдай беріңіздер. Бұл қарудың басқалардан өзгешелігі, мұнда компьютер орналасқан. Дала температурасын, желдің жылдамдығын тура айтып беретін қару алыс дәлдіктен мүлт кетпейді. 

4) Barrett M82 Америкалық офицер Ронни Барреттің жасап шығарған дүниесі бүгінгі күнде танымал винтовкалар қатарында. Қаруға офицердің есімі берілген. Бұл қаруға пулеметтің оқ дәрілері салынады. Түсініп отырғаныңыздай жойқын қару адам атуға арналмаған. Мұндай қарумен радиобазалар мен техникалардың көзін жояды. Екі километр жердегі дәлдеген межені тура ататын Barrett M82 жауды көз алдыңызда жойып жібереді.

5) Accuracy International Arctic Warfare. Әлемдегі ең мықты винтовка саналады. Бұл қарудың өзге қарулардан айырмашылығы қандай деп ойлап отырған шығарсыз? Ең алдымен Британдық бұл снайперге әр түрлі калибрдегі оқ дәрілерді салуға болады. Бұл жойқын қарумен Крейг Гариссон атты ағылшындық 2,4 км жердегі нысананы тура көздеген. Бүгінгі таңда ең мықты дәлдіктің иесі осы винтовка.  Бұл қарудың тағы бір артықшылығы, спорттық қару саналады. Қалтасы қалың жандар болса таңдап алуына болады. 

Сонымен, сіздер бүгінгі ең мықты бес снайпермен таныс болдыңыздар. Әрине қарудың болғаны жақсы, бірақ қолданбаған одан да жақсы. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"