Әлем елдерінің байрақты бәсекесі

Әлем елдерінің байрақты бәсекесі

Келесі аптаның соңғы күндерінде Армиялық халықаралық ойындары басталады. 2019 жылғы тамыздың 3-і мен 15-і аралығында Жамбыл облысы Гвардейск әскери қалашығында Армиялық халықаралық ойындарының «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Сұңқар аңшылығы» және «Сенімді қабылдау» атты үш байқауы өтеді. Бұл полигонда өтетін сайыстарға 12 мемлекеттің командалары қатыспақ.
Дүбірлі додаға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамасы сақадай сай тұр. Әскери қызметшілеріміз 32 байқаудың 16-ына ұсынылған. Мұндай барынша қамту жалпы командалық сынақта жеңімпазды анықтау үшін шешуші мәнге ие және өзге елдер үшін ынталандыру болып табылады.
Бұл ойындарға 34 мемлекет қатысады. Бұл Куба, Швейцария мен Шри-Ланка елдері үшін алғашқы қадам болмақ. Жаңа қатысшылармен бірге, Жапония, Иордания мен Камбоджи тарапынан жарысты бақылаушылар бар.
Жалпы байрақты бәсекеде Қарулы Күштеріміздің әскерилері қорғаныс саласындағы кәсібиліктерін барынша паш етіп келеді. Қай ойында болсын біліктіліктері мен күш-жігерлерінің жоғары деңгейде екенін көрсетуде.

Тарихы

Алғаш рет армия ойындары Ресей Федерациясының аумағында 2015 жылы өткізілді. Оған Қазақстан, Әзербайджан, Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэлла, Египет, Үндістан, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Моңғолия, Никарагуа, Пәкістан, Ресей, Сербия және Тәжікстан елдерінен 56 команда қатысқан болатын. Әскери полигоны саны – 11. Бақылаушылар ретінде Иран, Вьетнам, Корей Республикасы, Мьянма, Түрікмения мен Бразилия елдерінен өкілдер келді. Жарыстардың бағдарламасына 14 конкурс кірді. 2015 жылы медальдар саны жағынан ресейліктер (31 алтын медаль) бірінші, екінші орынды Қытай әскери қызметшілері (үш алтын медаль), ал үшінші орын Беларусь (бір алтын) мемлекетінен қатысушылар иеленді. 2016 жылы өткен армия халықаралық ойындары барысында Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орынды иеленді. Ал, 2017 және 2018 жылдары да үздік үштік қатарынан көрінді.

 

32 сайысқа 34 ел қатысады

 

Жарыстардың басталған сәтінен бастап небәрі төрт жыл уақыт өтсе де, бұл ойындардың ауқымы ұлғайып келеді. Биыл Армиялық халықаралық ойындары 10 мемлекеттің аумағында өтеді. Соның бірі – Қазақстан. Аталған сайысқа 34 елден 216 команда қатыспақшы. Бұл жарыстарға жалпы саны 6 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Биылғы өтетін Армиялық халықаралық ойындары саны жағынан бесіншісі болмақ. Жалпы конкурстар саны – 32. Олар: Танк биатлоны (Танк экипаждарының жарысы), Суворов қысымы (Жаяу әскерлер машина экипаждарының жарысы), Мерген шебі (Мергендер сайысы), Авиадартс (Ұшу экипаждарының жарысы), Десанттық взводы (десанттық взводтардың жарысы), Теңіз десанты (Теңіз жаяу әскерлері бөлімшелерінің жарысы), Теңіз кубогы (Су үсті корабльдер экипаждарының жарысы), Тереңдік (Сүңгуірлер жарысы), Артиллериялық оқ ату шеберлері (Мина атқыш есептоптардың жарысы), Қару шебері (Қару-жарақты жөндеу взводтарының жарысы), Ашық аспан, (ӘШҚҚ бөлімшелерінің жарысы), Сенімді қабылдау (Байланыс жауынгерлерінің жарысы), Әскери барлау үздіктері (Әскери барлаушы топтардың арасындағы жарыс), Ашық су (қалқымалы кемелер бөлімшелерінің жарысы), Қауіпсіз бағдар (Инженерлік-саперлік бөлімшелердің жарысы), Қауіпсіз орта (Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау экипаждарының жарысы), Инженерлік формула (Инженерлік әскерлер бөлімшелерінің жарысы), Автобронды танкті техника шеберлері (Автокөлік жүргізушілерінің жарысы), Рембат (Автобронды танктік техникаларды жөндеу мамандарының жарысы), Эльбрус сақинасы (Тау бөлімшелерінің жарысы), Адал дос (Кинологтар жарысы), Әскери-медициналық эстафета (Медициналық персоналдар жарысы), Далалық ас үй (Азық-түлік қызметтері мамандарының жарысы),

Тәртіп сақшысы (Әскери тәртіпті қолдау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және әскери объектілерді күзету жөнінде міндеттерді орындайтын бөлімшелердегі әскери қызметшілер жарысы), Әскери ралли (Әскери автокөлік техникалары экипаждарының жарысы), Әлем жауынгері (Армия халықаралық ойындарына қатысушы мемлекеттердің армиялық әскерилерінің жарысы), Сұңқар аңшылығы (Ұшқышсыз ұшу құрылғылары (ҰҰҚ) кешендері есептоптарының жарысы), Жол патрулі (Әскери автокөлік инспекциялары командаларының жарысы), Ат жарысы (Атты әскер бөлімшелеріндегі әскери қызметшілердің жарысы), Апатты аудан (Апатты-құтқару құрамалары әскери қызметшілерінің жарысы), Поляр жұлдызы (Арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшілерінің жарысы), Саян шеруі (Қысқы жағдайда тау бөлімшелеріндегі әскерилердің жарысы).

Қазақстан аталған 32 байқаудың 16 сайысына қатысады. Бұл ойындарға 34 мемлекет қатысады. Бұл Куба, Швейцария мен Шри-Ланка елдері үшін алғашқы қадам болмақ. Жаңа қатысшылармен бірге, Жапония, Иордания мен Камбоджи тарапынан жарысты бақылаушылар бар.

 

Қазақстанда қай жарыстар өтеді?

 

Қазіргі кезде армия ойындары әскерлердің жауынгерлік үлгісін ғана емес, қай мемлекеттің қарулы күштері мықты екенін көрсететін ойын ретінде көп мемлекеттің қызығушылығын тудырып отыр.

2019 жылғы тамыздың 3-і мен 15-і аралығында Жамбыл облысы Гвардейск әскери қалашығында Армиялық халықаралық ойындарының «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Сұңқар аңшылығы» және «Сенімді қабылдау» атты үш байқауы өтеді. Бұл полигонда өтетін сайыстарға 12 мемлекеттің командалары қатыспақ.

Қазақстан армиялық халықаралық ойындарға жыл басынан бері дайындалып келеді. Бұл сайыстарға қатысу үшін әскери қызметшілер бірнеше мәрте іріктеуден өтіп, нағыз жарысқа лайықтылары қалды. Ендігі жерде, Қарулы Күштердің намысын шын бәйгеде сынайтын әскерилерге тек сәттілік тілейміз.

 

                                                                                 Қарлығаш АҚЫЛБЕКОВА

ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникациялар департаменті


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи