Әбдіров атындағы ҚР Әскери-әуе күштерінің авиабазасына 15 жыл толды

Қарағанды қаласындағы Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров  атындағы Әскери-әуе күштерінің 50185 әскери бөлімі өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтті.

Әскери бөлім командирі полковник Ермек Сапаров жеке құрамды осынау атаулы күнмен құттықтады.  «2016 жыл – бөлім үшін мүшелтой болып саналады. Бұл уақыт маңызды күнделікті қызметпен, ұшулардың сапалы қамтамасыз етілуімен, авиациялық парктің жауынгерлік әзір жай-күйде ұсталуымен толы болды. Осы кезең ішінде бірнеше жүздеген офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер бөліміміздегі армиялық қызметтің күрделі әрі құрметті  мектебінен өтті», - деп командир атап өтті.

Аталған бөлім «Шеп», «Сарыарқа», «Дала қыраны», «Жетісу», «Өзара іс-қимыл», «Бейбіт миссия» достастық мемлекеттердің бірлескен ірі ауқымды сынды әртүрлі ауқымдағы халықаралық және мемлекеттік іс-шараларға, сондай-ақ, Отан қорғаушы күнін мерекелеуге орай әскери парадтарға белсене атсалысатынын айта кетейік.

 Бүгінде бөлімде жоғары деңгейде дайындалған кадрлық офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, батыл әрі өжет ұшқыштар мен штурмандар, инженерлік-техникалық құрамдағы, байланыс және тылдың жоғары кәсіби мамандары және барлығында да ортақ ерекшелік – Қазақстанның халқына, конституциялық және әскери борышына адал болу.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"