Адам жанының нұры

Елбасының жас жеткіншектердің мектепке толық баруын қамтамасызету туралы тапсырмасын орындау мақсатында 1 тамыздан "Мектепке жол” жалпы республикалық акциясы басталды.

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасын табатын акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы, көпбалалы отбасы балаларын және қамқорсыз қалған балаларды мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету. Осы аталмыш акцияға Қарулы Күштер құрамалары мен бөлімдері де қатысуда. Осы аптада  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты подполковник С.Байсакаловтың басқаруындағы 28349 әскери бөлімінің басшылығы мен жанұямен жұмыс қызметінің мүшелері Жамбыл облыстық №1 Сарымолдаев атындағы балалар үйінде арнайы барып, биыл мектеп табалдырығын аттайтын тәрбиеленушілерге мектеп құралдары мен тәттілер сыйлыққа тарту етті.

    Бұл шара балаларға жақсы әсер қалдырғандығы соншалықты қуаныштарында шек болмады. Әр бала әскери қызметшілерге алғыстарын білдіріп, өз тараптарынан ән-өлеңдерін айта шығарып салды.
Тиісінше бөлім басшылығы балаларға сыйлықтарды табыс етіп, жаңа оқу жылында зор табысқа жетулеріне тілектестіктерін білдірді.

                                                                   Кіші сержант М.Айтимбетова

                                                                   «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

                                           28349 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"