Абыройлы қызметті адал атқаруға серт берді

Бүгінде Қарулы Күштердің қатарында ерлермен қатар иықтарына погон тағып, қару асынған нәзік жандылар әртүрлі салаларда қызмет атқарады.

Мәселен, жуырда 01785 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Әсем Есенқалиева мен Ұлжан Амируллаева салтанатты әскери ант қабылдады. Бұл салтанатты сәт 44813 әскери бөлімінің саптық алаңында өтті. Мемлекеттік тудың астында, барлық жеке құрамның алдында әскери ант мәтінін дауыстап оқып шыққан қыздардың жүздерінен нұр, көңілдерінен толқу сезімі білініп тұрды. Әскери ант қабылдау рәсімін 01785 әскери бөлім командирінің орынбасары-жоспарлау және үйлестіру қызметінің бастығы подполковник Ерлан Жеделбаев ашып, қыздарымызды өнегелі сөздерімен құттықтады.

01785 әскери бөлімінің аға офицері (құқықтық жұмыстар жөніндегі) аға лейтенант Сұлтанбек Достай - Әскери қызмет атқару - қоғам және мемлекет алдындағы үлкен жауапкершілік, осы абыройлы әскери қызметті мінсіз атқаруға табандылық пен төзімділік керектігін айта келе, қыздарды антқа адал болуға шақырды. Әскери қызметтің күнделікті тыныс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, жеке құрамның оқу-тәрбиелік жұмыстарына белсене араласатын әскерилерге сәттілік тіледі.

Cержант Марат Ахетов


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"