Абай әлеміне саяхат жасады

Еліміз тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Семейдегі 49-шы орта мектепте «Абай әлеміне саяхат» клубының ашылу салтанаты болды.

Қазақтың ойшыл ақыны, данышпаны, біртуар перзенті Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың топырағында туған ұл-қыздар үш тілде сөйледі. Абайдың

«тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін, айналасы теп-тегіс жұмыр келетін» өлеңдері мен қара сөздерін, әрі Елбасымыздың маржан ойларынан да үзінділер оқыды. Еліміздің барлық мектептерінде клубтың ашылуына тер төгіп, тың бастамаға ұйытқы болған «Абай әлеміне саяхат» клубының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ақын, сәулетші, драматург, этнограф Сайын Назарбекұлына алғыстарын жеткізді.

   «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де Ақымақтық» деген екен, он сегізінші қара сөзінде һәкім Абай. Қазақтың ұлы ойшылы сонау заманда адамды адам етіп тәрбиелеудің жолын көрсетіп кетті. Жан-жақты дамыған тұлға боп қалыптасу үшін тағы да сол Абай айтқандай, «бойда қайрат, ойда көз» болуы шарт» екеніне тоқталды білім ұясының басшысы Гүлфариза Темірбайқызы. Ол «Абай әлеміне саяхат» клубын ашудағы мақсат – өскелең ұрпақтың рухани болмысы мен отансүйгіштік санасын жат пиғылдардан сақтап, оларды Абайдың мол мұрасымен үнемі нәрлендіріп отыру екенін баса айтты. «Абай бар болғаны 176 өлең, 3 поэма, 45 қара сөз, «Қазақтың шығу тегі туралы» мақаласын жазды. Абай қалдырған қазына – адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың қайнары» деді. «Абай әлеміне саяхат» клубына қабылданған оқушыларға Абайдың даналық сөздерін жас жеткіншектерге қаймағын бұзбай жеткізу міндеті жүктелді. Клубтың әнұраны орындалған соң, клуб мүшелерінің кеуделеріне төс белгілері тағылды.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"